Какой сегодня день

17 октября

Баланың денсаулығына зиян болатын 5 зат

Кішкентай нәрестенің дүниеге келуі әр шаңырақ үшін қуаныш. Осы тұста ата-ана нәрестенің денсаулығы үшін аянбай тер төгеді. Алайда, кейде балаға зиян тигізетін дүниелерден хабарсыз болып жатады. Осы орайда, біз баланың денсаулығына зиян болатын 5 затты ұсынбақшымыз.

 Баланың жүруіне арналған арба

Кішкентай нәрестенің аяққа нық тұрып кетуге арналған мынадай құрылғыларды пайдаланған орынды. Ол арқылы бала ересектердің көмегімен өз аяғына тұрып, күніне 2 рет 15 минуттан жаттығу жасау қажет. Сондай-ақ, дәрігерлер оның ешқандай зияны жоқ екендігін айтады.

Жеміс шырын немесе сүт

Пастерленген жеміс шырындары тіске зиян әкеледі. Қант көп қосылғандықтан, адамды семіздікке әкелу мүмкін. Бала дәрігерлері 1 жастан асқан балаларға жаңа піскен жеміс шырындарын ішуді ұсынады. Өйкені, жаңа піскен жеміс шырындары ағзаға пайдалырақ болып келеді. Жаңа піскен қаймағы алынбағын сиыр сүтінің құрамында темір аз және көп қоректік заттар төмен. Оның барлығы анемия, бүйрек, анемия, аллергия, дисбактериозға әкеліп соғы мүмкін. Бірақ, сиыр сүтіні бір жастан асқан балаларға тәулігіне 500 мл-ден берілуі керек. Себебі, сүттің құрамында кальций өнімдері және Д витаминдері көп. 

 Ашық түсті ойыншықтар

Мектепке дейінгі жастағы балалар ойыншықтар арқылы жаңа дүниелермен таныс болады. Дегенмен, бұл ойыншықтар неше түрлі құрылғылармен жабдықталғандықтан, баланың ой өрісіне кері әсерін тигізеді. Ойыншық таңдарда да мұқият болыңыз. Мүмкіндігінше табиғи материалдан жасалған ойыншықты таңдаған орынды болмақ. Есіңізде болсын, ең бірінші кезекте маңызды мәселе баланың білім алуы. Ойын баласы болмауын қадағалап жүріңіз.

 Жылы киім

Бала кішкентай болғандықтан, оның тұрақты дене температурасы жақсы дамымаған. Сондықтан, нәресте кейде тоңса, ал енді бірде қатты ыстықтап кетеді. Шектен тыс ысып кету нерв жүйесіне әсер етеді. Сол себептен, қалың киімдер қорғаныс күші бола алмайды. Әрі сәби осылардың барлығынан тұмау аурулары мен иммунитке әкеліп соқтырады.

Балаңызға суық тимес үшін киімдер табиғи және ауа кіргізетін маталардан құралған жөн. Көкірегі мен іші жылы құрғақ аяғы мен қолы жылы болса балаға ыңғайлы болады.

 Гаджеттер

Көк жарық беретін қазіргі заманғы лед экранды гаджеттер уақыт өте келе адамды соқыр етуі де мүмкін. Әрине, қазір гаджеттерден кішкентай балалармен қоса, үлкендерде көз алмайды. Кейде бала жылған кезде телефонды да ұстата салатын әдетіміз бар. 2 жастан асқан балалар гаджеттерді күндізгі уақытта күніне тек 1 сағаттан ғана пайдалана алады. Әрі жалғыз өзін ғана емес, оны достарымен пайдалғанына да зер салыңыз.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.