Какой сегодня день

16 августа

"Ну, погоди" мультфилімі туралы қызықты деректер

Сіз  бала кезіңізде сүйіп көрген "Ну,погоди!" мультфилімі қалың көпшілікке қалай тарағанын білесіз бе? Олай болса, біз сіздерге сүйікті мультфиліміңіз туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз.

1968 жылы режиссер-мультипликатор Вячеслав Котеночкин "Ну, погоди!" мультфилімін 18 бөлімді сериалға айналады деп мүлде ойламаған. Оған тек «Сәбилерді ренжітуге болмайды» деген мақсатта бейнеролик түсіруге ұсыныс түскен.

"Ну,погоди" мультфилімінің негізгі сюжеті қасқыр кішкентай қоянды аулауға тырысады. Алайда, қоян өзінің құйтырқы әрекеттерімен қасқырдың құрған тұзақтарынан барлық жағдайда қашып құтылады. Бұл оқиғаның барлығы бір сериада болуы керек болатын. Десе де, уақыты небәрі 10 минутты құрайтын бұл мультфильм бүкіл әлемге танымал болады. Осыған орай, режиссер мультфилімді әрі қарай жалғастыруды жөн көреді.

Қасқырдың дауысын белгілі актер Владимир Высоцкий салу керек болатын. Жоғары жуан дауыста ала алмайтын болғандықтан, қасқырдың дауысын белгілі актер Анатолий Папанова салады.

1973 жылы атақты мультфильмнің сценаристі Феликс Камова КСРО-дан кетіп, Израиль еліне көшуіне байланысты "Ну,погоди" мультфилімі политиканың құрбанына айналады. Дәл сол жылы актер Анатолий Папановқа КСРО дің «халық  әртісі» деген атақ берілді. Осы шарның кезінде КСРО  Президиумының жоғарғы кеңесінің төрағасы Николай Подгорнов Анатолийден "Ну, погоди" мульфилімінің  келесі бөлімі қашан шығады? Менің немерелерім осы мультфилімді қатты жақсы көреді. Неліктен, совет үкіметінің балалары жақсы көретін осындай керемет туындыны  шығармай қалдыңыздар?" деп сұрайды.  Осындай сұрақтан кейін Подгорнов түсірілімді қайта бастайды.

1987 жылдың тамыз айында Папановтың дүниеден өтуіне байланысты "Ну, погоди" мультфилімін совет үкіметінің көрермендері тек 17 сериасын көріп үлгереді. 1994 жылы мультфилімнің 18 сериасы ғана шығады. Қасқырдың дауысын студияда сақталып қалған Папановтың дауысымен өңдеп шығарады.

19 және 20 сериасы 2005, 2006 жылы шықты. Режиссері Вячеслав Котеночканың ұлы Алексей болды. Қасқырды пародия актері -  Игорь Христенко, қоянды - Ольга Зверева сомдады. Халық жаңадан шыққан сериалдың бұрынғыға мүлде ұқсамайтындығын әлсіз екендігін айтады. Бұл мультфильм тек экрандарда ғана танымал болған жоқ. Олар үнемі мектеп дәптерлерінде, күнделіктерде, кандитерлік құралдарда да суреттері шығып тұрды. Ал КСРО кезіндегі 1980 жылдардың аяғында "Ну,погоди"-дің электронды ойын түрі шықты.

Бірнеше жыл бұрын "Ну,погоди" мультфильміне экранға шығуға тыйым салынған кездер де болды. Себебі, онда қасқыр темекі тартып, ішімдік ішетін болғаннан кейін ол баларға кері әсерін тигізеді деген. Ресей елінің атақты психолог дәрігері Геннадий Онищенко бір сұхбатында: "әрбір филімнің немесе мультфилімнің жағымсыз кейіпкерлері осындай болып, жағымсыз қылықтарды көрген жасөспірімдер керісінше жамандыққа бармайды" дейді. 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.