Какой сегодня день

17 октября

Өміріңізге қажетті 10 қағида

Әр адам өзінің күнделікті психологиялық энергиясын орындалмай қалған жұмыстарына жұмсап жіберетіні анық. Яғни, бұл сіздің күнделікті әдетіңіз. Біз сіздерге жағымсыз әдеттен арылудың жолдары туралы айтатын боламыз.

1. Жоспарыңыздың жүзеге аспай қалуы

Сіз  қаншалықты шешімді тез қабылдауға тырыссаңыз, соншалықты күш жұмсайсыз. Сіздің үлкен шешім деп отырған мәселеңіз ұсақ-түйек қана болуы мүмкін.  Мысалы, «бүгін не киемін?» деген секіді сауал туындайды. Міне, осындай болмашы жұмыстарға сіздің бүкіл энергияңыз кетіп қалады. Былай алып тұрсаңыз, «не киемін?» деп бас қатыру бір ақымақтың ісі секілді болып көрінеді. Қысқасы, жоспарыңыз іске асу үшін жатар алдында ертеңгі күніңізге алдын-ала жоспар құрып, соны жүзеге асырыңыз.

2. Шамадан тыс жоспарлау

Ең зиянды нәрсе бұл шамадан тыс жоспар құру. Иә, сіз күнделікті күніңізге қажетті, жасауға міндетті жұмыстарыңызды қағаз бетіне әдемілеп түсіріп қоярсыз. Дегенмен, оны орындау әлдеқайда қиынырақ. Сондықтан, жоспар құрған кезде ұқыпты болғаныңыз жөн. Әр кеште құрған жоспарыңызда сізді тыныштандырып, сергектік беретін ойыңызды жүзеге асыруға тырысыңыз. Мысалы, бұл жәй ғана сіздің хоббиіңіз немесе кітап оқу болуы мүмкін.

3. Жоспарыңызды елемеу

Жоспарыңыздың жинақты болуын қадағалаңыз. Тек жұмысыңызда емес, сіз жүрген барлық жерде жоспарларыңызды ұстанып жүріңіз. Ол сіздің концентрацияңызды босаңсытып тұрады.

4. Миыңызды тынықтырыңыз

Өзіңіздің миыңыздың шаршағанын сезген кезде бірден жұмысыңыздың бәрін кейінге қалдырыңыз. Өйткені, мұндай жағдай өміріңізге құрған маңызды жоспарыңызға кері әсерін тигізеді. Өзіңізгі екі минут белгілеп қойыңыз. Егер осы екі минут ішінде ойлаған жоспарыңыздың біреуін орындай алған болсаңыз, онда басқасынан бас тартпаңыз.

 

5. Жұмыстың көптігі

Бір жұмысты бастап, оны аяқтамай екіншісіне көшпеңіз. Себебі, жауапкершілігіңіз азаяды. Жұмыстың көптігі сіздің бір күндік энергияңызды жұлып әкетуі мүмкін. Өзіңіздің жасап жүрген жұмысыңыздың қорытындысына «ризасыз ба?» соны сұраңыз. Егерде көңіліңіз толмас, босқа уайымдамаңыз. Жәй ғана алға қадам басып, жақсы жұмыс жасауға тырысыңыз.

6. Керек емес инфомациялардын құтылыңыз

Сіз неғұрлым жағымсыз информацияларды көп жинасаңыз, ол соғұрлым барлық күшіңізді жоғалтатын боласыз. Бұл керек емес тамақтың тізімі, біреудің нөмірі немесе өміріңіздегі бір жағымсыз кездерің естелігі болуы мүмкін. Егер осындай керек емес дүниелері ойлап сақтай беретін болсаңыз, болашақта ешқандай жетістікке жете алмайсыз. Адам өткенмен өмір сүрмеуі тиіс. Сенің жүрегің соғып тұр. Демек, сен әрі қарай әрекет етуің керек.

7. Дұрыс тамақтанбау

Тамақтану үрдісіңізді өзгертіңіз. Өйткені, сіз жұмыс деп жүріп көшедегі кез-келген фасфудтық тағамдарды жисіз. Адамның организімі үнемі даму процесінде болады. Оның құрамына май да, тәтті де, тұз да, йод та керек. Сіздің организіміңізде осындай витаминді тағамдар болмаса, ойлау қабілетіңіз бен физикалық қозғалысыңыз өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Дұрыс тамақтанбауыңыз көп жағдайға кедергі болады. Жұмыстан денсаулық артық. Басты байлық - денсаулық екенін ұмытпаңыз.                                                                                                  

8. Судың жетіспеуі

Суды көбірек ішіңіз. Көпшілігі суды қаншалықты көбірек ішкен жөн деп сұрақ қояды. Күніне  6-8 стакан су ішсеңіз, өзіңізді сергек сезінетін боласыз. Сіз шәй, кофе секілді ыстық сусын ішіп үйренген болсаңыз, оны орынын сумен алмастырғаныңыз жөн болар. Себебі, су көп сұрақтардың шешімін табады.  

9. Ұйқының жетіспеуі

Сіздің жұмысыңыз ешқашан тиянақты болмайды. Әрине, ұйқыңыз дұрыс болмай жүрсе. Уақытылы ұйықтау сіздің ертеңгі күнгі жоспарыңыздың орындалуына өз септігін тигізеді. Егер аз ұйықтайтын болсаңыз, онда сіздің миыңыздың жарты бөлігі ғана қызмет етеді. Организіміз ұйқыны қаншалықты сұрап тұрса, соншалықты оған ұйықтауға мүмкіндік беріңіз. Өзіңіздің қатты шаршағаныңызды сезген кезде  ұйықтап алуға тырысыңыз.  Ұйқының уақыты кем дегенде 8 сағат болуы қажет.

10. Сүйікті жұмысыңызды елемеу

Ешқашан өзіңіз жақсы көретін жұмысыңыздан бастартпаңыз. Өйткені, адам тек өзі қалайтын дүниемен айналысса ғана көп жетістікке жетеді. Мәселен, сіздің хоббиіңіз кітап оқу болуы мүмкін. Ал кітапты көп адам оқығанды жақы көре бермейді. Есесіне сіз жақсы көресіз. Кітап оқыған адам ғаламторда отыратын адамның үстінен басқарады деген бар. Сондықтан, сіздің жақсы көретін жұмысыңыздың өміріңізге қажеті бар деген сөз. Сүйікті жұмысыңызға күніне кем дегенде 20 минутыңызды арнаңыз. Жүрегіңіз нені қаласа, соны жасаңыз.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.