Бүгін қандай күн?

26 МАМЫР

Ораза ұстауға қалай қамдану қажет?

Ораза ұстау бұл Ислам дініндегі әр мұсылманға парыз етілген бес парызының бірі болып табылады! Рамазан айында ең маңызды дүние ауыз бекіту. Көзді ашып жұмғанша қасиетті Рамазан айына да, жетіп қалдық. Бұл айда ораза ұстаушы жандар судың қаншалықты тәтті екенін сезеді. Бүгінде, Рамазан айын сағына күтіп  ниет етушілер көбейіп келеді.  Ораза ұстауға қалай қамдану қажет? Қандай жағдайда ораза ұстамауға рұқсат етіледі?  Осы сауалдар төңірегіндегі қажетті мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.                                                                                                             

1. Ең бірінші бұл әрине сіздің ниетіңіз! Рамазан айында көптеген жақсылықтар жасап, жиі садақа беруге тырысыңыз. Қасиетті Құран кітабын оқып әр бос уақытыңызды тиімді өткізіңіз.

2. Оразаның әрбір күніне ниет ету. Таңертең сәресіге тұрып, ораза ұстауға ниет ету — бұл құлшылықтың дұрыс орындалуы.  Тілмен ауыз бекіту дұғасын айту жақсы амалдардан.

3. Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға пітір садақа беру — уәжіп. Бұл топқа ауруларының айығуы үміт етілмеген пенделер мен ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер жатады. 

4. Ораза сабырлылық пен төзімділікке үйретеді. Ай бойы аш қалып, күндіз аузын ашпауға бекініп, әбден дағдыланған адамның бойында сабырлылық пен шыдамдылық сезімі күшейіп, өркен жаяды. Бойдағы ашу мен жеңілдігіне сабыр етіп, ақылы молая түседі.

5. Жолаушыларға, омырауда баласы бар әйел адамдар мен науқас адамдарға ораза ұстау -парыз емес!                                                                                                               

6. Сапарда Ораза ұстамауға болады. Бірақ, басқа күндері санын бекітіп, ауыз бекітеді. Егер, сапар қиындық туғызбаса ауыз бекітуге болады.

7. Қазірден бастап Оразаға «жаттығу» жасаңыз. Ағзаңызға бірден тамақтан тыйылу қиын болады, сондықтан тамақтың мөлшерін азайтып отырыңыз. Кез келген бір күні ораза ұстап «жаттығу» жасап көріңіз. Қуырылған, майлы және ащы тағамдарды, кофе мен газдалған сусындардан бас тартыңыз. Олар денсаулыққа өте зиянды.

8. Бірнеше жыл бойы Рамазан оразасын ұстап жүрген білімді, салиқалы кісілермен сұхбат құрыңыз. Кеңес сұраңыз. Тіпті, оразаны бір рет қана және биыл бірінші рет тұтқалы отырған адамдармен де пікір алысыңыз.

9.  Нашар әдеттеріңізді тастауға бел буыңыз. Ғайбат, өсек-өтірік айту секілді нашар қасиеттерді жеңуге тырысыңыз.

10. Темекі шегетін болсаңыз, Рамазан бұл әдепсіздіктен арылуға көмектесетін  мүмкіндік. Осы бастан әрекет жасаңыз. Үнемі сағыз шайнаушылардан болсаңыз, мұныңызды да жайына қалдырғаныңыз абзал.                                                                                                                        

11. Арнайы дұғаларды жаттаңыз. Рамазан – дұға айы. Ауыз ашар сәтте айтылған дұғалар қайтарылмайды. Дәл сол сәтте, кітап іздеп кетпес үшін, Құран мен сүннетте келетін дұғаларды жаттай беріңіз. Ауыз ашарда айтылатын дұғаны да жаттауды ұмытпаңыз.

12.  Отбасы мүшелеріне, әріптестер мен достарға оразаға деген ниетіңізді айттыңыз. Алайда, қарсы келушілердің болатындығына дайын болыңыз.

13. «Жалған сөйлеу мен жалған сөздермен әрекет етуді қоймаған адамның ішіп-жеуді ғана доғаруы Аллаға қажет емес». Сол себепті нәпсіңізді тыйып, зинадан аулақ болыңыз.

14. «Ауызы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген - ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады Сол себепті, егер сіз ауыз бекітпеген болсаңыз міндетті түрде, ораза ұстаған жанды ауыз ашарға шақрыңыз.

15. Жафар бин Мұхаммедтің жеткізуіне қарағанда, Алла Елшісі (с.а.у.) Ораза айт мерекесі күндері әдемі киімдерін киіп жүретін. Ораза айтының намазын оқымай тұрып, май мен құрма жейтін. Хасан ас-Сабит: «Екі айтта да Хақ Елшісі (с.а.у.) бізге әдемі киінуді, жұпар иіс себуді, жағдайымыз мүмкіндігіне қарай семіз малды шалуды бұйыратын еді», — дейді. Осы хадиске байланысты Ислам ғұламалары мұсылмандарды Ораза айтының таң сәрісінде бой дәрет алып, тістерін тазалап, мұнтаздай таза һәм әдемі киімдерін киіп жүруге үндейді. Ораза айт намазынан бұрын пітір садақа беріп, мешітке барып уағыз-насихат тыңдаудың мұстахаб (амалдардың абзалы) екенін айтады.

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.