Какой сегодня день

24 мая

Сізге қандай қыздар ұнайды?

Әлемді әдемілік құтқарады. Ал әлемді әдемі ететін - әйел заты. Оның жаны қашан да сұлулық пен ішкі жан дүниенің тазалығынан тұрады. Осындай екі қасиетті бойларына дарытқан қазақ қыздары туралы жігіттер не ойлайды екен? Оларға қандай қыздар ұнайды? Осы сауал төңірегіндегі жауапты атыраулық жігіттерден білетін боламыз.


 

Өркен Елемес:

Құранда: «сен қандай болсаң, болашақ жарың да, өзің секілді болады» деген аят бар. Жар таңдаған кезде де Құранда келтірілгендей, тақуалығына, біліміне, тектілігіне және әдемілігіне қарап таңдаған орынды. Мәселен, өзіме бұдан бөлек, ақылды, тәрбиелі, иманды, шашы ұзын, түсінігі мол, өмірде қиындықтың не екенін білетін қыздар ұнайды. Егер қыз бала ащының дәмін татып өссе, ол болашақта жарына  жақсы қолдаушы болады деп ойлаймын.  Сонымен қоса, қазақ халқында «әйел адам бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен» дейді. Осы орайда, қыз баланың  тәрбиесіне ата-анасы дұрыс көңіл бөлуі қажет. Себебі, қыз бұзылса, ел бұзылады.

Нуримов Ержан:

Қазіргі таңда жасанды қыздар өте көп. Қазақтың қызы өз атына кір келтірмеу керек деп ойлаймын. Сондықтан, жасандылықтан аулақ болуы қажет. Ал өзіме қасы әдемі, қылықты, салмақты қыздар ұнайды.

Харесов Эльдар:

Маған өзімнің жұбайым ұнайды. Ол қара торы, сүйкімді, ақылды және жақсы келін. Ал қазақтың қыздарына келсек, беттеріне жасанды бояу салып алатындар көбейіп кетті. Тіпті, кейде бір-бірін ажырата алмай қаламыз. Сондықтан, қыздар табиғи сұлулықтарын сақтасан екен.

Мұзафар Нұрадым:

Абай атамыз өзінің өлеңдерінде қызды «әдемі болғаны үшін сүйкімді емес, сүйкімді болғаны үшін әдемі» деп айтады. Бұдан бөлек, қазақ ақындары да қызды нәзік етіп бейнелеген. Мен өзім ақын жанды болғаннан кейін, ішкі жан дүниесі бай, өзімді түсінетін, иманды қыздарды ұнатамын. Әрине, болашақ жарды да таңдау оңай емес.

 

Ғизабеков Ерғанат:

Маған салиқалы, тәрбиелі, иманды, діннен хабары бар қыздар ұнайды. Көпке топырақ шашқым келмейді. Дегенмен, қазіргі таңда ашық-шашық киінетін қыздар көп. Әрине, бір жағынан заман соны талап ететін шығар. Алайда, батыстықтарға еліктей бермей, қазақ екендіктерін ұмытпаған жөн. Қазақ қызы бетін мөлдір сумен жуғанда, бет бейнесі өзгермей, табиғи болып тұру қажет деп ойлаймын. Көпшілік қыздар бетіне бояу шағып, жігіттерге ұнаймын деп ойлайды. Мұндай қыздар алғашында жігіттің назарына түсуі мүмкін. Алайда, қызға тән сүйкімділік пен нәзіктік болмаса, құр сұлулықтан пайда жоқ. Хадисте: «сендерді жұп-жұптарыңмен жараттық» дейді. Сол себепті, қыздар, өз жұптарыңызды күтіңіздер. Ешқашан ар-намыстарыңызға кір түспесін.

Мұхтаров Жасұлан:

Біз «қызды қырық үйден тыю» деген  ұлағатты сөзді ұстанып өскен халықпыз. Сол себепті, маған қазақтың қарапайым тәрбиелі, сабырлы, инабатты,  ажарлы, анама ұқсайтын, шашы ұзын қыздар ұнайды.

Өтегенов Дәурен:

21 ғасырдың қыздарына ешқандай талап қоя алмайсың ғой. Бәрібір олар өз дегенін жасайтындары анық. Әркім өз қалауынша өмір сүреді. Мен болашақ жарымның табиғи сұлу болғанын қалаймын. Оның сұлулығымен қоса, ерке, қылықты, ақылды болып және заман талабына сай жүргенін қалаймын. Қазір Қыз Жібектің емес, бүгінгі 21 ғасырдың аруларының заманы. Олар қандай киім киіп жүрсе де «қыз» деген атқа лайық болса болғаны.

Азамат Құрманбаев:

Қазақ қызы деген кезде ойыма Қыз Жібек келеді. Оның қайсар мінезі мен инабатылығын бойына дарытып өскен қазақ қызын ұнатамын. Қазіргі заманауи қыздардың арасынан, ондай жанды кездестіру де оңайға түспейді.

Темірлан Амантаев:

Қазақ қызы «иманды ару, ибалы келін» деген атқа лайықты болу керек. Сондай-ақ, қыз қылығымен сүйкімді дейді. Өзіме инабатты, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін тәрбиелі қыздарды ұнатамын.

 

P.S: Бүгінгі сауалнаманың қорытындысы бойынша жігіттерге тек айдай сұлумен қоса, ақылды ішкі дүниесі бай қыздар ұнайды екен. Жігіттерге ұнау үшін аса қатты боянып, ашық-шашық киінудің қажеті жоқ. Керісінше, сіз табиғи болыңыз. Бұл сауалнама қыздардың құлақтарына алтын сырға болады деп ойлаймыз.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.