Какой сегодня день

23 октября

Жастар күні әлем елдерінде қай уақытта тойланады?

Бүгін – халықаралық жастар күні. Бұл күнді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімімен 1999 жылдың 17 желтоқсанында белгіленді. Атаулы күнді белгілеу туралы ұсыныс 1998 жылы 8-12 тамыз аралығында Лиссабонда өткен жастар мәселесі жөніндегі Бүкіләлемдік министрлер конференциясында бекітілді. 

Халықаралық жастар күні салтанатты түрде 2000 жылдың 12 тамызынан бастап аталып өтілді. Содан бері Қазақстан бұл мерекені жылда тойлап келеді. Еліміздің әр өңірінде жастарға арнап, түрлі бағыттағы мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Негізінен жастар күні әр елде әртүрлі уақытта тойланады. Халықаралық жастар күнін әр елде басқаша тойлайды. Мәселен, Беларусия мен Украина шілде айының соңғы жексенбісінде атап өтсе, Ресей мемлекетінде жастар күні 27 маусым күні мектеп оқушысынан бастап, жас кәсіпкерлерге дейінгі сала қызметкерлерінің мерекесі болып саналады. 66 пайызы 30-ға дейінгі жастарға дейінгі құрайтын Әзірбейжан жастар күнін 2 ақпан күні тойлайды екен. Жыл сайын әртүрлі шаралар мен форумдар өткізеді.

Түркия елінде жастар мен спорт күні қатар аталып патриоттыққа тәрбиелейтін шаралар болып тұратын көрінеді. Сонымен қоса, арнайы демалыс уақыты беріліп, халық бұл күнді отбасымен және достарымен өткізеді.

Жыл сайын жастар күнін ұлттық мерекені ретінде атап өтетін Қытай елі 1949 жылдан бері 4 мамыр күні атап өтеді. Сонымен қоса, жастар күнінде демалып бір апта аралығын «алтын апта» деп атайды.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.