Какой сегодня день

16 августа

Жігіттер отан қорғауға дайын ба?

Ер жігіттің Отан алдындағы абыройы туралы ақын-жазушыларымыз тайға таңба басқандай етіп жазып кеткен. Кезінде қаншама батырларымыз елін, жерін қорғау үшін тайсалмастан қолға қару алып жауға шапқан. Ендеше, біздің осындай батыр азаматтарымыз бар ма екен?! Жігіттеріміз отан қорғауға дайын ба? Міне, осы сауал төңірегінде қала тұрғындары арасынан сауалнама жүргізген болатынбыз. Олай болса, қазіргі заманның азаматтары қаншалықты қайсар екендігін бірге білейік.


Дархан Қабиденов:

Жалпы, ер азамат болғаннан кейін біздің міндетіміз отан қорғау. Әрине, қандай жағдай болса да, елімді қоғауға әзірмін. Алайда, өз басым әскерге бармадым. Бірнеше рет шақырту келді. Бірақ, 1 жыл уақытымды текке өткізгім келмейді. Аллаға шүкір, бойымызда Махамбет пен Исатайдай алып батырлардың қаны бар кезде, жау келе қалса тасада тығылмай, қолға қару алып шығамыз. Отанды тек әскери азаматтар қорғайды деп есептемеймін.

Әли Ермұрат:

Отан қорғау - ер азаматтың басты міндеті. Әскерге баруды құптаймын. Бір жыл уақытта ауылда тектен-текке жатып уақыт өткізіп алғанша, физикалық тұрғыдан шынығып отан қорғауға дайын болу қажет. Өз басым ер азамат әскерге бару қажет деп ойлаймын. Қазір кейбір жігіттер әскерге бару десе, ат-тонын ала қашады. Қорқа ма, әлде, ол жай ғана сылтау ма?  Әскерден қашудың қажеті жоқ.

Нұрланов Дамир:

Мен Отанымды қорғауға дайынмын. Өкінішке орай, өз басым әскерге баруға жарамсыз болсам да, барғым келеді. Қазіргі жігіттерге отаннан бұрын алдымен, отбасын қорғасын деп айтқым келеді. Себебі, қаншама қазақтың азаматы өз отбасын тастап қара бастың қамы деп кетіп жатыр. Бұндай отбасын қорғамаған адам отанын да қорғай алмасы анық. Сондықтан, ең бірінші отбасын, одан кейін Отанын қорғау керек. Бүгінде жастар әскерге бармайды. Бұл әрекеттері дұрыс емес. Ер азамат болғаннан кейін, әр нәрсеге дайын болу қажет.


Қуаныш Құдайберген:

Қазіргі кезде ешкім әскерге өз еріктерімен барғысы келмейді. Амалдың жоқтығынан шақырту қағазы келгеннен кейін барады. Әскерде рухани тәрбие мүлде берілмейді деген ойдамын. Тек физикалық жағынан шынығады. Әскер бару міндет емес. 12 мүшеміз сау болса отанымызды әскерсіз де қорғауға әзірмін.

Нұрсұлтан Қалиев:

Жастар әскерге баруға әзір. Өйткені, әр мұсылман өз отанын қорғау қажет. Құранда: «әр азамат өз отанын қоғау керек сүю қажет» делінген. Адам баласы Отаны үшін жанын беріп, оның салтын, дінін сақтау қажет. Әр елдің өз басшысы бар. Халық сол басшысының артынан жүріп отырып, ұлтжанды болғаны жөн. Ал өзім әскерге барып көрдім. Ол кезде қазіргідей бір жыл емес, екі жыл уақыт болатын. Бұл уақытты мен текке кетті деп есептемеймін. Әскер ол Отан сүйгіштікке тәрбиелейтін орта болғандықтан, онда барған әр азаматтың патриоттық сезімі күшейеді.

Бауыржан:

Ел басына қандай күн туса да, жасымның қанша екеніне қарамастан, Отанымды қорғауға әзірмін. Менің есімімді батыр әрі мықты болсын деген ниетпен Бауыржан Момышұлы атамыздың атымен қойылған. Мен атына кір келтірмеу үшін тырысамын. Әскерге әлі бара қоймадым. Шақырту келгенін күтіп жүрмін.

Еркін Бозжігітов:

Қазіргі жастарға қарасам, көздерінде от ойнап, жалындап тұр. Бойларынан Отан қорғауға әзір екендігі білініп тұрады. Кей жастардың денсаулығы жарамай қалды демесеңіз, қазақ болғаннан кейін бәрі дайын деп ойлаймын. Мен өзім әскерге КСРО кезінде барғанмын. Ойланып қарасам, 2 жыл босқа өткендей болып көрінеді. Мүмкін, мен ол 2 жылда басқаша өмір сүрер ме едім?! Қазіргі таңда бәрі қолайлы. Өз еркіңмен бара аласың немесе бармауға да болады. Ал біздің кезімізде ойымызбен ешкім санаспайтын. Жалпы ,өзім өнер адамы болғаннан кейін әскерге барған уақытым текке өтіп кеткендей болып көрінеді. 

Азамат Рахметов:

Барлық жігіттер көзге түсу үшін «Отанымды қорғаймын» деп босқа айтатын сияқты болып көрінеді. Ал іс жүзінде мүлде басқаша. Менің ойымша, қазіргі жігіттер сәл әлсіздеу. Қатты бір ауыртпашылық жағдай бола қалса, қашып кететіндей болып көрінеді. Көпке топырақ шашқым келмейді. Дегенмен, көпшілігі қорқып, әскерден қашып кетеді. Өзім әскерден жақында ғана оралдым. Шыны керек, онда біраз қиындықтар болды. Бірақ, бойыңда Отанға деген сүйіспеншілік басым болады екен.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.