ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Қадыржан Ғалымжанов: «Work and travel» бағдарламасының маған берген мүмкіндігі

Просмотров - 383
09.08.2018

Саяхаттау — өмір салты. Америкада нағыз америкалық болып өмір сүргіңіз келе ма? Тіліңізді дамытуға, жаңа достар табуға мүмкіндік бар. «Мен көрген» айдарымыздың келесі кейіпкері Қадыржан Ғалымжанов «Work and travel» бағдарламасымен арманын орындап, Америкада саяхаттауда. Сіздің де, мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін келесі мақаламызға көз жүгіртіп шығыңыз.


Арманым шындыққа айналды

Жалпы университетке түскеннен бері Америкаға барып келу менің басты арманым болды.1 курс оқып жүргенімде мен Қазақстанда өткен ауқымды шара  EXPO 2017  ерікті болуыма байланысты бара алмадым. Сондықтан келесі жылы міндетті түрде барамын деп шештім. Міне биыл менің арманым орындалды. Мен Америка еліндегі Нью-Йорк қаласына келдім!


Жаңа өмір, бейтаныс ел

Америка маған қатты ұнады. Өзге орта, өзге мәдениет, ерекше адамдар. Себебі бұл елде кез-келген адам бір-біріне жылы қабақ танытып күліп амандасады. Адамға деген сыйластығы білініп тұрады.Бірақ таңғалдырғаны баспанасыз жағдайы төмен адамдар өте көп. Кейде тіпті қайыр сұрап, артыңнан қалмайды. Мен үшін бұл күтпеген жағдай болды. Ал мен  көрген Нью-Йорк ешқашан тыным таппайтын қала болып есімде қалды. Америка еліне баруымның басты себебі – «Work and travel» бағдарламасымен жұмыс жасау және саяхаттау. Бұл жобамен жоғарғы оқу орнында білім алатын студенттер мүмкіндік ала алады. Бүгінде мен Вирджиния штатында қызмет көрсету саласында яғни бассейнде құтқарушы ретінде жұмыс жасаймын. Бұл саяхаттарым анамның қолдауынсыз іске аспас еді. Әрқашан қолдау білдіргеніне алғысым шексіз.


Саяхаттау маған таңсық нәрсе емес

Осы күнге дейін Малайзия, Ресей, Кипр, Ұлыбритания, Доминика елдерінде болдым. Америка штатына жалғыз өзім келе жатқандықтан қорқыныш болды. Өйткені осы уақытқа дейін теледидардан ғана көрген қаланы өз көзіммен көру мен үшін орындалмас арман секілді болып көрінді. Мен тұрақтаған жерде қазақтар мүлдем болмады. Тек орыс тілінде сөйлейтін ұлт адамдарын кездестірдім. Сонымен Америка елінде тұрақтаған жерлестеріммен кездесіп таныстым. Ортақ достардың арқасында мен қазақ қызымен шет елде дос болдым. Кейін қалған қазақтармен танысып араласып кеттім.

 Америка елінің ерекшелігі

Американың біздің елден айырмашылығы өмір сүру деңгейі жоғары. Өз басым Мэриленд, Вашигтон, Вирджини штаттарында болдым. Саяхаттап келген әр адам Лос-Анджелес, Нью-Йоркте болулары қажет. Америкаға келгісі келетін студенттерге айтарым : Ақша жағын ойламай, көбірек саяхаттаңыздар. Адамдармен достасып әрбір сәттеріңізді бағалаңыздар. Еңбекқор әрі жауапты болуды ұмытпағанда жөн.


 Әрбір саяхат — қымбат естелік

Саяхаттау өмірімнің бір бөлшегіне айналды. Шетелге саяхаттау деген арман осыдан 6 жыл бұрын басталды.Ол кезде мен алғаш рет басқа елге барып қыдырдым. Әрбір саяхат мен үшін — жаңа орта, бейтаныс адамдар, қайталанбас сәттерден тұрады. Ал Америкадағы өмір мені өз бетімен өмір сүруге үйретті. Көз-қарасымды өзгертіп, өмірлік тәжірибе берді.

Автор: Аяулым Исабаева

Расскажи друзьям
Читай так же