ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Қос жеңіліп көрмеген кәсіпқой кикбоксшы Атырау шаршы алаңында үздікті анықтайды.

Просмотров - 99
01.12.2018

1 желтоқсан — тұңғыш президент күніне арналған кикбоксинг кешін атыраулықтар орталық спорт кешенінен тамашалай алады. Атырау мен Тбилиси құрамалары арасындағы ымырасыз жекпе-жектер алдындағы баспасөз маслихаты өтті.

— Кеш Атырау мен Тбилиси құрамалары арасындағы кездесумен басталады. Екі жақтан 5 спортшы өзара жекпе-жек өткізеді. Бүгінде Атырау облысында кикбоксинг спорты өте жоғары қарқында дамып келеді. Атыраулық кикбоксшылардың әлемнің кез-келген мемлекетіне командалық сайыста қарсы тұра алатындай шамасы жетерлік. Олай дейтініміз құрамада бірнеше әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар, — дейді Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

Жолдастық кездесуден соң кештің басты жекпе-жегінде әлем чемпионы Абзал Дүсіпов түркиялық Юлдуз Хазарға қарсы тұрмақ. Бұл кездесу рейтингтік болып табылады. Юлдуз Хазар – Түркия елінің чемпионы. Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері. Ал жерлесіміз Абзал болса Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының жеңімпазы және бірнеше дүркін жүлдегері. Азия чемпионатының жеңімпазы. Әлем Кубогының иегері.
Бұндай кәсіпқой кикбоксинг кештері қаламызда үшінші рет өткелі тұр. Жеңімпаздарға қаржылай сыйақы және чемпиондық белдіктер табысталады. Кеште арнайы шақыртылған қонақтар: белгілі әнші Ибрагим Ескендір мен күйші Нұржан Тәжікенов өнер көрсетеді.


1 желтоқсан күні 18:00-де «Атырау» спорт кешенінде баршаңызды күтеміз!

Атырау – Тбилиси (жолдастық кездесу)
1. 54 кг. Жанали Сәлімгереев – Елнур Гултев (Фулл-контакт)
2. 60 кг. Жандос Назарбеков – Лаша Чепходзе (К-1)
3. 67 кг. Сәлімжан Сәлімгереев – Лука Шония (Фулл-контакт)
4. 67 кг. Алихан Оздоев – Мурад Бабайев (К-1)
5. 71 кг. Азамат Утемисов – Гиорги Канкава (Фулл-контакт)

Расскажи друзьям
Читай так же