Құрметті Атырау жастары! Арнайы сіздер үшін конкурс!
Құрметті Атырау жастары! Арнайы сіздер үшін конкурс!
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттарды қабылдау жөнінде конкурс жариялануда. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) жемiстi ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын 10 номинация бойынша беріледі: атап айтқанда, эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы, әдебиет, театр және кино, журналистика және қоғамдық қызмет, спорт, дизайн және бейнелеу өнері, ғылым бағыттары. Аталмыш конкурсқа ҚР-ның 29 жасқа дейінгі азаматтары мен азаматшалары қатыса алады.
Осыған орай, Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы 16 шілдесіне дейін төмендегі құжаттарға сәйкес қатысушылардың құжаттарын:
1) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
2) қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу өтінімі;
3) қолдаухат және сыйлық алуға ізденушінің жетістіктері туралы анықтама;
4) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттарының көшірмесі (болған жағдайда);
5) кандидаттың немесе кандидат туралы мақаланың, жарияланымдардың көшірмесі (болған жағдайда);
6) кандидаттың жетістіктерін растайтын өзге де материалдарын (болған жағдайда) толтырып, m.kumasheva@atyrau.gov.kz электронды мекен-жайына жолдауларыңызды сұрайды.
Тіркеу өтінімінің үлгісі
Қосымша информация бойынша: 8 (7122)32-18-14