ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Руслан қазақ күресінен ел чемпионы атанды

Просмотров - 448
25.06.2018
Руслан қазақ күресінен ел чемпионы атанды.
19-22 маусым аралығында Қостанай қаласында 23 жасқа дейінгі жастар
арасында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.
Айбек Серғазиев бастаған Атырау облысы құрамасының балуандары 1
алтын және 1 күміс медальға ие болды.
90 келі салмақта Ізғалиев Руслан қарсылас шақ келтірмей ел чемпионы
атанды. Ал аса ауыр салмақта Қапашев Нұрсұлтан күміс жүлдеге қол жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша Атырау облысы жалпы командалық есепте
төрінші орынға табан тіреді. Айта кету керек, Ізғалиев Руслан ел
чемпионатындағы жеңісі арқылы спорт шебері нормативін орындады.
Расскажи друзьям
Читай так же