ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Салтанат Мақсотова: Қызығушылығым үлкен кәсіпке айналды

Просмотров - 197
06.10.2018

Әрбір қыз-келіншек әдемі болып жүргенді қалайды. Сәнді киім үшін қалтасындағы қаражатын аямайтындар да, баршылық. Ол үшін көпшілігі арнайы сәнгерлерге жүгінсе енді бірі дүкендерден киінеді. Жалпы қазақтың әрбір қызының қолынан іс тігу келу қажет деп көнеден әжелеріміз осы сөзді бойымызға сіңіріп келеді. Жас Атырау порталының кезекті кейіпкері киім тігуге келген кезде алдына жан салмайды. Тіпті «кей кезде киім үлгілері өзінен өзі келіп, маған маза бермейтін кездері болады, сол кезде бірден суретін салуға тырысамын» дейтін Салтанат Мақсотова бүгінде «SM» атты сән үйінің иегері. Бала кезінен киім тігуге қызығушылық танытып бүгінде тек облыс бойынша ғана емес, Қазақстан бойынша тапсырыс берушілері бар Салтанат өзінің сән үйі туралы бізге айтып берді.

 

Қызметіңізді қалай быстадыңыз?

2015 жылы Қыркүйек айында алғаш рет «Sulpak» сауда үйінен тігін машинасын сатып алған болатынмын. 16 жасымнан бастап  үйден киім тігіп кәсіпке аяқ бастым.

Тігуге қызығушылық қалай пайда болды?

Мектеп кезінен бастап сурет салуға құмар болдым. Әсіресе әдемі қыздардың бейнесін олардың образын салғанды ұнататынмын. Содан кейін Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясына дизайнер мамандығы бойынша оқуға түстім. Бұл өнер академиясына түскеннен кейін өнер білімді қатар алып жүруге тура келді.  Осы қызығушылығым бүгінде осындай кәсіпке айналды.


Киім тігу бұл сіздің хоббиіңіз ба?

Әрине егер ол менің хоббиім болмаса, мен оны жақсы көріп жасамасам бүгінде бұл іспен айналыспас едім. Өзімді нағыз дизайнермін деп айта алмаймын. Дизайнерлік жолға енді қадам басып келе жатырмын. Бірінші кезекте жұмыстарыма бағаны халық береді. Әлі де, үйренер дүнием көп.

Негізгі мамандығыңыз қандай?

Атырау Мұнай және газ университетінде «Автоматизация и управление» мамандығы бойынша білім алдым.  Негізгі мамандығымның қазіргі кәсібіммен еш байланысы жоқ.

Өз киім үлгіңізге көңіліңіз толама?

Әрине толады. Себебі шығаратын дүниелерімді жасаған кезде мен өзіме арнап тігіп жатқандай боламын.

Атыраудың қыз келіншектерінің талғамы қаншалықты жоғары деп ойлайсыз?

Жоғары деп ойлаймын. Себебі әр киім үлгісін тігер кезде тапсырыс берушілерім үнемі өз ойларын қосып, отырады. Әр киімнің әдемі шығуы тікелей осы тапсырыс берушілерге байланысты болады ғой.

 

Киімге тапсырыс басқа қалалардан түсеме?

Әрине, біз осы уақытқа дейін басқа қалалардан тапсырыстар қабылдап тұрдық. Олармен жұмыс жасаған аса қиын деп айта алмаймын. Тапсырысты арнайы хабарласып ұялы телефон арқылы қабылдаймыз. Екі жылдың ішінде бірнеше қалаларға тапсырыстар жібердік.
Бір көйлектің құны құпия болмаса қанша?

Бастапқы бағасы материал, дизайн, мата барлығын қосқанда 27 мың теңгеден басталады.  Арнайы мата мен жіпті Оңтүстік Кореядан алдыртамын.


Жеңілдіктер жасайсызба?

Жылына екі рет 78-80 пайыз жеңілдіктер жасап тұрамыз.

Бұл сіздің жеке кәсібіңізбе?

Иә, менің жеке кәсібім.


Қарамағыңызда қанша қызметкер бар?

Қарамағымда 4 қыз бар. Жалпы SM дүкенінде менімен қосқанда бес қызметкер қызмет көрсетеді.

Киім үлгісінің идеясы қалай келеді?

Шабытты әр жерден алуға болады. Кішкене демалысқа шығып демалатын болсам, бірнеше идеялар келіп, маза бермей кететін кездері болады. Сол кезде бірден қағазға түсіріп алуға тырысамын. Себебі ол нәрсе бір мезетте ойдан шығып кетуі мүмкін. Көбінесе шабытты арнап тігілетін адамнан аламын.


Танымал адамдарға киім тігіп көрдіңізбе?

Бүгінде біздің тізімімізде әнші Дана Кентай, Ақботанұр Сейтмағамбет әзілкеш, квн жұлдызы Мереке Бауыржанқызы бар. Сондай-ақ ақын Сара Тоқтамысованың жеке дизайнері болуға ұсыныстар түскен болатын.

Алға қойған жоспарыңыз қандай?

Жоспарым көп. Алайда болашақта мен мына дүниені жасағым келеді деп айтқанды жөн көрмеймін. Көбіне іспен дәлелдегенді ұнатамын. Алдағы уақытта барлық жұмыстарымды инстаграм желісіне салатын боламын.

Автор: Асем Жолдыбаева

Расскажи друзьям
Читай так же