ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

«Шыңғысханның қызы – XXI ғасырда» көркем фильмі көрерменге жол тартады

Просмотров - 127
02.11.2018

«Шыңғысханның қызы – XXI ғасырда» көркем фильмі көрерменге жол тартады

8 қарашада Қазақстан кинотеатрларында «Шыңғысханның қызы 21-ші ғасырда» көркем фильмінің прокаты басталады.

Әлемдік тарихқа жүгінетін болсақ – «Болашаққа оралу», «Иван Васильевич мамандығын ауыстырады», «Өзге ғаламдықтар», «Уақыт машинасы», «Болашақтан келген қонақ» – уақытта ауысулар туралы осы және осыған ұқсас фильмдер әлдеқашан көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленіп, кино классикасы болып есептеледі.


«Ал, біз фильмде көрерменге шытырман оқиғалар мен комедиядан гөрі әлдеқайда қомақтырақ нәрсені көрсеткіміз келеді. Олар бақыт іздеп, жанталасу үстінде көз жүгіртіп жатпайтын, әрбір адам өзін тани алатын бүгінгі әлемнің нақты бейнесіне куә болады», – делінген хабарламада.

Картинаның сюжеті бойынша ұлы қолбасы Шыңғысханның қызы тағдырдың айдауымен және бақсы сыйлаған мойынтұмардың әсерімен қазіргі заманғы мегаполистің қақ ортасынан бір-ақ шығады. Оның жолында кәдімгі алматылық қыз, беделді университеттің студенті және әлеуметтік желілердің жұлдызы Диана кездеседі.

Диана өзінің басқа мыңдаған құрбы-құрдастары сияқты виртуалды әлемде өмір сүреді, Инстаграмда біраз уақытын өткізіп, қалтарысы мен бұлтарысы көп өмірде өз орнын іздейді.

Ал Жанна (оның аты осындай) үшін телефондар да, автомобильдер де, Интернет те – бәрі қызық. «Міне, қайда туып-өсуім керек еді» – деп, Жанна барынша ашылады. Шетсіз-шексіз дала төсінің көңілсіз тіршілігінен сытылып шығуға ұмтылған қыз софиттердің жарығы мен орасан жылдамдыққа және техникалық прогрестің сыйларына тез-ақ үйреніседі. Ол клубта билеп, сән көрсетілімдеріне қатысады, сахнада ән айтып, жүргіншілерді садақтан оқ атуымен таң қалдырады. Оның қатысуымен түсірілген видео Инстаграмда жылдам таралып, танымалдыққа ие болады. Бірақ дала халықтарының ең жақсы дәстүрлерінде тәрбиеленген қыз көп ұзамай XXI ғасырдағы түрлі-түсті өмірдің айшықты қаптамасының артында сол бір адами кемшіліктер мен әуесқойлықтардың жасырынғандығын түсінеді.

Шыңғысханның қызы өз үйіне орала ма? XXI ғасырда ол қандай із қалдырады? Өзіне ғана емес, айналасындағы бүкіл әлемге сырттай көз тастап, бақылаған Диананың өмірі қалай өзгереді?

Осы сұрақтардың жауабын «Шыңғысханның қызы XXI ғасырда» атты шытырман оқиғалы комедиядан таба аласыз.

Расскажи друзьям
Читай так же