Какой сегодня день

20 сентября

Алмагүл Есенғалиева: «Баламның емі үшін қайыр сұраған кездерім болды»

Атырау қаласының тумасы Алмагүл Есенғалиева - 4 баланың анасы. Үшінші ұлы 7 жасар Әлисұлтан кішкентайынан ДЦП  (церебральді сал ауруы) сырқатына шалдыққан. «Бұл ауру балаларға туылғаннан кейін салынатын екпенің кесірінен болды»- дейді Алмагүл Есенғалиева. Өйткені, анасының құрсағында жатқан Әлисұлтанды1 апта қимылсыз болғаннан кейін дәрігерлер кесарь тілігімен босандырған. "А" негізінде ауыр жағдайда босанған балаға екпе салуға болмайды. Жігері жасымаған ана баласының еміне қаражат жинау үшін бармаған жері, баспаған тауы қалмаған. Ендеше, Әлисұлтанның анасы Алмагүл Есенғалиевамен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Бәрі екпеден басталды...

Әлисұлтанға жүкті кезімде бәрі жақсы болған. Ешқандай ауытқулар болмады. Босануға 1 апта қалған кезде балам ішімде мүлдем қимылсыз қалып, кейін кесарь тілігімен, яғни, операциямен босандым. Төрт перзентімнің үшеуінде мұндай жағдай болмаған еді. Десек те, балам аман-сау дүниеге келіп, 8 айлығына дейін ел қатарлы өсті. Алайда, 8 айға келгенде Әлисұлтанда өзгерістер пайда бола бастады. Баланы дәрігерге көрсеттік. Бірақ, дәрігерлер «ауыр босанғанның әсерінен» деп шығарып салды. Кейіннен, баламның көзқарастары басқаша боп бара жатырғанын байқап, қайтадан дәрігерге апардым. Олар ДЦП деген диагноз қойды. Бірақ, ол кезде бұның қандай ауру екенін аса білмедім. Кейіннен, бұл диагноз мүгедек, жетілмеген балаларға қойылатын диагноз екенін анықтадым. Ана жүрегі әлсіз болып көрінгенімен мықты ғой. Бұны да Алланың бізге берген сынағы деп қабылдадық.

5 жыл талма сырқатымен күрестік...

3 жасында балам талма дертіне шалдықты. Сырқатпен бес жылдай күрестік. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық. Ауруға қарсы ішкен дәрілер сағат жарым әрі кетсе жарты күн ғана тыйып тұра алады. Содан осы аурудың маманы эпилептологқа көрсету керек деген ақпар алдық. Алайда, біздің қалада ондай маман жоқ болғандықтан, Астраханьға бардық. Онда Әлисұлтан қабылдап жүрген дәрілерді екі есеге көбейтіп берді. Алайда, дәрілерді ішкенімен еш пайдасы болмады. Апталап, айлап аурухананың есігін жағалап кеттік. Осы дәрілердің салдарынан баламның бауырында ауытқулар пайда бола бастады. Бір күні Америкадан ДЦП ауруын емдейтін маман келетін болды. Соның бес сағаттық семинарына жазылдым. Әрине тегін емес. Әр ата-ана 400000 тг ақша төледік. Дәрігердің айтуынша, бұл балалар дұрыс тамақтанып, диета ұстауы қажет екен. Күнделікті біз беріп жүрген сүт, қант, шай, майлы тағамдар мүлде болмайды. Мен баламның  күніне жеп тауысатын тамағына мәз болып жүрсем, керісінше, оның денсаулығына зиян екен. Оған тек ешкінің еті, жылы су, суға піскен күріш, кокос майынан жасалатын тағамдар және жеміс-жидектер ғана жеуге болады.  Аллаға шүкір, осы диетаның арқасында дәрі ішуді тоқтаттық.  Бұрындары аурухананың табалдырығын тоздырушы едік. Қазір мүлде бармаймыз. Дәрігерлер «дәріден қалай шықтыңыз?» деп сұрайды. Оның жауабы диета деп айтар едім.

"Атырау маленькая страна" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлан Күмісқалиев:  «Баланың бойындағы ауыр металды шығармаса, бала мүлде дамымай қалады» деді. Содан біз 79 мың ақшамен Әлисұлтанның шашын үш жерден алып, Германияға анализ ретінде жібердік.  Анализдің қорытындысы бойынша, бала толықтай уланған екен. Жан-жақтан сұрастыра келе Грекияда осы ДЦП аурына шалдыққан адамның бойынан ауыр металды шығаратын  Грекиялық Томас  Христидиса деген мықты дәрігердің барын естідік. Содан сауда орталықтарында жүріп, жәрмеңке өткіздік. Грекияға бару үшін қаражат жинадық. Ондағы емдеу процесі мүлде басқаша болды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың бойындағы қан түгелдей ластанған.  Олар «бұл екпенің кесірінен болды» деген қорытындыға келді. Сол екпені салмаса бала мұндай халге түспейтін еді. Осы дәрігердің қарауынан кейін балам тамақты шайнап  жейді. Бұрын тіпті жұта да алмайтын. Мен баламның денсаулығында осындай оң өзгерістің болғанына қуанамын.

 

«Нұр Отан» партиясы маған көмектеспеді

Баламның емі үшін мешіттің алдында жәшік ұстап, қайыр сұраған кездерім болды. Кішкентай қала, таныс-тамыр көп. Қайда барсаң да, алдыңнан шығады. Жәшік ұстап тұрған түріме аянышпен, таңырқай қарап кетеді. Мен перзентіме ана ретінде: «Балам мен сені қайыр сұрасам да емдетемін» деп уәде бердім. Маған ештеңе де ұят емес. Тек балам аяғына тұрып, жүріп кетсе болды. Кейде жәрмеңкеге де шығамыз. Қолдан бәліш, торт, пирогтар пісіреміз, шар сатамыз. Бізге әртүрлі қайырымдылық қорларынан шар сатып ақша жинауға көмек ретінде жастар келеді. Мысалы, "Жүректен жүрекке" қоғамдық қоры едәуір ақша жинап көмектескен болатын. Ол жастарға айтар алғысым шексіз. Мен көмек сұрап барған кезде есіктен шығарып жіберген адамдар да болған. Оның қасында «Жүректен жүрекке» еріктелірінің берері, үйретері көп. Грекияға баратын уақытта ем үшін қаражат таба алмай біраз қиналдып, көптеген компанияларға өтініш жаздым. «Нұр Отан»партиясынан да көмек сұрадым. Бірақ, ешқайсысынан жауап келмеді. Содан белімді бекем буып, Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиеваға жағдайымды айтқанда, қаражат табуымызға көмектесті.

Біз кезінде бизнеспен де айналыстық

Отбасыма келсек, жолдасым жүк тасушы болып қызмет атқарады. Үлкен ұлым 5-сыныпта, қызым 3-сыныпта оқиды. Одан кейінгісі Әлисұлтан биыл 1- сыныпқа аяқ басатын шағы. Баламның мектепке барып, ел қатарлы өмір сүргенін қалаймын. Әлисұлтан дүниеге келгенде сүндеттеліп келген. Бұл да Алланың бізге берген бір жеңілдігі деп білемін. Ең кенжесі шағын топқа барады. Бұрын Әлисұлтан өмірге келмей тұрып жалға дүкен алғанбыз. Бүкіл ауыл адамдары азық-түлікті бізден келіп алатын. Бизнесіміз жақсы жүргеннен соң, үй саламыз деген жоспарымызда болған. Бертін келе, Әлисұлтан ауыр дертке тап болғаннан кейін бізде жаңа өмір басталды.  Дүкенді қайта тапсырып, жауып тастадық. Бізге ақшаның да, байлықтың  да еш қажеті жоқ. Бастысы - перзентім сауығып жүріп кетсе болды.

Таяу күндері баламның қайтадан қанын тексертіп, емдету үшін Грекия еліне жол жүргелі отырмыз. Әрине, оған көп мөлшердегі қаражат қажет. Осы жолы баламның денсаулығында сәл де болса, өзгерістер болады деген үміттемін.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.