ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

«Спорт-менің серігім!»

Просмотров - 15101
15.11.2013

«Тоха, давай! Тоха, жарайсың» деп командаларына шын жүректен  қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізді көріп бір мәз болып қалдық. Дегенмен, «бізде мықты ойыншылар бар, бірақ жанкүйерлер жоқ» деп таралып кеткен көзқарасқа тіпті қайшы келетін спорт жарыстары кешегі, яғни 14 қарашадағы Атырау қаласының «Мұнайшы» спорт кешенінде, «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен өткен волейболдан және ерлер мен қыздар арасындағы үстел теннисінен өткен спорттық шараларымыз дәлел болды. Қуантарлық жағдай! Әр досына, әр туысына, әр студентіне келген жанкүйерлеріміздің қолдауы мықты болды. Испания футболшылары емес әрине, бірақ кешегі залда бір әдемі ойын өтті. Бұл спорт түрінің ережелерінен бейхабар көрермендерге де мықты ойын энергетикасы сезілді.  

Ерлер арасындағы үстел теннисінен:

I орын Үсенов  Энвер-Руслан 1994 (Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі)

II  орын Төлеуғалиұлы Жандос 1994 (Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі)

III орын Сагидахасов Талғат 1995 (А.Сүндетов атындағы Атырау медициналық колледжі)

Қыздар арасындағы үстел теннисінен:

I орын Қуанышева Альбина 1994 (Атырау инженерлік-гуманитарлық инстиитуты колледжі )

II орын Шапиханова Алмагуль 1994 Атырау инженерлік-гуманитарлық инстиитуты колледжі )

III орын Бағытова Сұлушаш 1994 (Атырау аграрлы-техникалық колледжі)

Волейболдан:

I орын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті құрамасы

II орын Атырау мұнай және газ институты құрамасы

III орын Атырау қаласы политехникалық колледжі құрамасы

 

 

Расскажи друзьям
Читай так же