Какой сегодня день

30 апреля

10 жасар атыраулық вундеркинд дойбыдан ҚР чемпионы атанды

Ақсай ауылынан шыққан 10 жасар атыраулық дойбышы Бекарыс Жұмалиев дойбыдан еліміздің төрт дүркін чемпионы атанды.

«Дойбыдан ҚР жастар чемпионаты Қаскелеңде өтті. Бекарыс барлық 9 қарсыласын жеңіп шығып, «Классика» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Менің оқушым өзінен екі-үш жас үлкен балалармен ойнады. Осыған қарамастан, Бекарыс біздің бар үмітімізді ақтады», - деді жас чемпионның бапкері Берік Молдаш.

Бапкердің айтуынша, спорттық ережеге сәйкес Жұмалиев ҚР спорт шебері атағын алуы тиіс. Бірақ, қазақстандық ереже бойынша, бұл атақ 14 жастан кейін ғана беріледі. «Әзірге бұл мәселе қаралып жатыр», - деп хабарлады Молдаш. 

Дереккөз: inform.kz


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.