Какой сегодня день

17 октября

Айгүл Елубайқызы: «Тарихта болмаған оқиға жасағым келеді»

Спорт десе ойымызға білекті азаматтар келетіні секілді, қыздарды бұл саладан көре бермейтініміз шындық. Дегенмен, әлем чемпионаттарында бағын сынап, көк байрағымызды желбіретіп жүрген қаншама қазақ қыздары бар?! Міне, сондай бойжеткендеріміздің бірі ҚР 2 дүркін чемпионы Айгүл Елубайқызының болашақта одан да мықты белестерді бағындырамын деген мақсаты мен спортқа деген сүйіспеншілігі шексіз. Қазір Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде дене шынықтыру мамандығы бойынша білімін алатын Айгүлдің спортқа не үшін келгенін төмендегі сұхбаттан біле аласыздар. 

Спортқа келуімнің өзі қызық болды

13 жасымда өзімнен үлкен қыздармен сөзге келіп қалып, мен олардан үнемі жеңіліп қала беруші едім. Олар сол кезде: "сен таеквондаға кел. Екеуміз төбелесеміз. Сен мені сол кезде жеңесің" деп алдап шақырған. Мен бұл сөзді естігеннен кейін бірден таеквонда спортына жазылдым. 3 жыл қалмай барып жүрсем, мені үйірмеге шақырған қыз мектепті аяқтап, басқа қалаға кетіп қалыпты. Әлі кішкентай болсам да бастаған ісімді соңына дейін жалғастырғым келді. Сабақтан қашып жүріп, таеквонда үйірмесіне қалмай барып жүрдім.

Спортты таңдағаныма анам мүлде қарсы болмады. Ол менің пікіріммен әркез санасып, қолдау білдіріп, үнемі жігерлендіріп отырады. Отбасымызда екі ағам мен апам бар. Бір қызығы, бәріміз әр түрлі саланың мамандарымыз.

Алғашқы жеңісім

Таеквондоға келгенде ештеңеден хабарым болмады. Бірақ, спортқа деген махаббатымның арқасында бәрін жеңдім. Алғашқы жеңісім мен шаршы алаңдағы бәсекем Өскемен қаласында өтті. Онда Қазақстан Чемпионаты иегері атандым. Мен үшін бұл күтпеген жеңіс болатын. Шымкент пен Тараз қаласынан келген қарсыластарымды 68 кг салмақта жеңдім. Сол жарыстан кейін маған спорт шебері атағын берді.

2014 жылы болған Азия чемпионатында Корей елінің спортшысымен жекпе-жекке шықтым. Корея − қай жағынан да өте дамыған мемлекет. Жарыста 10:1 есебімен ұтылдым. Одан кейін 16 жасымда Павлодар қаласында өткен жарыста тағы да Қазақстан чемпионатынан бірінші орын алдым.

Менің ең өкінетін жарысым − Қытай елінің Тайпей қаласында өткен әлем чемпионаты. Онда екі рет ұтып тұрып, үшінші жекпе-жекте 2:4 есебімен жеңіліс таптым. Қола медаль алып тұрып, ұтылып қалғаныма әлі де өкінемін...

Әлем чемпионаты − үлкен жарыс. Ол кезде әлі жас болсам да мүмкін маңызды жарыс деп ойламаған шығармын. Сырттан теледидардан қарап отырған жақсы. Ал оған барудың өзі үлкен күш. Оған бару үшін спортшы қаншама тер төгеді? Қарапайым халық осы тұсын ескере бермейді.

Спорттың бәрі рейтингке ауысуда

Қазір Қазақстан чемпионы болсаң да, болмасаң да шетелдік жарысқа шықсаң, саған ұпай қосыла береді. Сөйтіп, сенің ұпайыңа өссе, қарсыласыңды жеңуіне де көп мүмкіндік болады. Егер алтылыққа кіретін болсам, мені олимпиадалық ойындарға шақырады. Ал 36 кг кіретін болсаң, Гран При деген жарысқа қатысуға мүмкіндік туады. Енді алда қойған мақсатым – 2020 олимпиадасына қатысу.

Қазіргі шығып жүрген салмағым олимпиадалық емес. Бірақ, олимпиадалық салмағыма ұпай жинау үстіндемін. Салмақ қосу үшін белогы көп тамақ ішіп, бұлшық етімді шынықтырудамын.

Спортшының ерекшелігі – жалқаулығын жеңуі

Шаршы алаңда менің сезімім әртүрлі. Кейде сырқаттанып қаламын немесе біреуге ренжимін. Ондай жағдай психологиялық тұрғыдан маған қатты әсер етеді. Жарыста тұрғанда ұнамайтын адам қарап тұрса да жаман. Ең бір қателігім – өз-өзімді психологиялық тұрғыдан ұстай алмауым. Қазір осы қателегімді дұрыстауға барынша жұмыстанудамын.

Жалпы, кез келген спортшының ерекшелігі – өзінің жалқаулығын жеңуі деп білемін. Өтйкені, таңда тұрып, жүгірудің өзі үлкен еңбек.

Бапкерім − екінші анам

Бапкерім Сардарова Сауле 5 жылдан астам жаттықтырып келеді. Ешкімге бөліспейтін сырларымды тренеріме айтамын. Оның орны мен үшін ерекше. Жарысқа мені бар ынтасымен дайындайды. Ұтылсам, менімен бірге ұтылады. Кейде менен де қатты қиналып кетеді. Тренер қатал да, жұмсақ та болуы қажет. Мені 100 пайызға жақсы білетін тек осы тренерім. Сырымының көп бөлігін Сауле апайыма айтамын. Білмеймін, анама көп ашыла алмайды екенмін. Бәлкім, уақытымның көп бөлігі жаттығу залында өтетіндіктен шығар.

 Спорт − адамды көп жамандықтан сақтайды

Мен ерке әрі тентек болып өстім. Қанша жағынан қиын болғанымен, спорт мені көп нәрсеге түзеді. Негізі спорт адасып жүрген жанды дұрыс жолға салады. Көп жамандықтан сақтайды. Мәселен, көшеде арақ ішіп, темекі тартып жүрген жігіттер спортпен шұғылданса, олар зиян әрекеттерге бармайды деп ойлаймын.  

Қазір уақытымның көп бөлігі жаттығу залында өтеді. Осы спортқа жастайымнан келсем де ешкімді үлгі тұтып көрмедім. Алайда, Корей елінің  Пак есімді спортшысы қатты ұнайды. Әлем чемпионатына барғанда мені ұрысқа шақырып көрді. Сонда онымен тәжірибе алмасуға көп мүмкіндік туған еді.

Кейде спортқа деген махаббат менің болашағыма әсер етеді ма деген ой келеді. Дегенмен, оның уақыты әлі бола қоймаған секілді. Бәрі Алланың қалауымен болады деп ойлаймын. Қазір маған сенім артатын қаншама адам бар? Олардың маған артқан сенімдерін ақтамай тастап кете алмаймын. 2020 олимпиадаға қатысып, тарихта болмаған жүлдені иелену менің қазіргі басты арманым.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.