Какой сегодня день

24 июня

Атырауда Бүкілəлемдік бокс сериясының жекпе-жегі өтеді

"Астана арландары" - бүкіл әлемге әйгілі боп үлгерген команда. Алып бокс державасынан шыққан команданың жекпе-жегін тамашалауға Атырау жұртшылығы да мүмкіндік алып отыр. Ертең Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) 7-ші маусымы аясында "Астана арландары" мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы кездесу болмақшы. Осыған орай, бүгін "Байзар" сауда орталығында жекпе-жек алдындағы баспасөз конференциясы өтті.

-"Астана арландары» секілді бокс командасының Атырау жерінде додаға түсуі біз үлкен жауапкершілік. Болашақ жас боксшыларымыз шеберлердің бәсекесін өз көздерімен тамашалап, алдағы уақытта үлкен мотивация алады деп ойлаймын. Сонымен қоса, бұндай жарыс қаламызда алғаш рет өткізілуде", - дейді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

 Кездесу барысында жанкүйерлер тарапынан қойылған сауалға спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет, бокс кешін ұйымдастырып қоймай, командалардың алдын ала шақырғандығын хабардар етті. Бұл жергілікті боксшыларға үлкен тәжірибе болып, алдағы уақытта атыраулық боксшылардың да шаршы алаңнан үздік шығатындығына сенімді екендігін жеткізді.

"Астана арландары" бокс клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков Атырауда да талантты боксшылар бар екенін айта кетті. 

-75 келі салмақта Амандық Манашев пен 60 келіде Ержан Ордабаев жақсы боксшылар екен. Болашақта осы жігіттерден үлкен нәтиже күтуге болады. Команданың біраз бөлігі жастар. Сондықтан барлығы әлі алда", - дейді бас бапкер.

Баспасоз конференциясында шаршы алаңға шығатын "Астана арландары" мен "Қытай айдаһарлары" құрамы таныстырылып, нәтижесі төмендегідей:

49 кг: Теміртас Жүсіпов — Джунджун Хе
56 кг: Ілияс Сүлейменов — Лонг Ванг
64 кг: Ділмұрат Мижитов — Янг Лю
75 кг: Сапарбай Айдаров — Минганг Жао
91 кг: Антон Пинчук — Сергей Новиков.

Ертең бұл сайыс "Атырау " дене шынықтыру жəне сауықтану орталығында сағат 17:00 де басталды. Бұл кездесуді "Хабар" телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Билеттерді: Атырау вокзалы (Баймұханов көшесі, 66), Мұрагер Сауда үйі (Баймұханов көшесі, 61), Ардагер Сауда үйі (Сатпаев көшесі, 17а) мекен-жайын табуға болады. Спортшыларымызға бірге қолдау көрсетейік!


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.