Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Атырауда бұрын-соңды болмаған спорт фестивалі өтті

Кеше спорт күні мерекесін орай батырлардың мекені қасиетті Атырау топырағында үлкен аламан дода өтті. 16 спорттың басын біріктірген «Atyrau Sport Fest 2017» жекпе-жектер фестиваліне әлемнің алуан түкпірінен айтулы жүйріктер бақ сынасты. 

Айта кетсек, Атырау облысы әр уақытта біріне бірі ұқсамайтын кең құлашты ерекше спорт мерекелерін өткізумен ел назарын өзіне қаратып келеді. Бұл фестиваль спортшылардың төл мерекесіне арналып өткізілген бірден-бір айтулы оқиға. Бұл кешке жұрттың қызығушылығы өте жоғары болды. Тіпті, «Атырау мұз» айдыны ғимаратына жиналған халықтың көпшілігі симай, қайта оралуларына тура келді.

Дүбірлі доданың құрметті қонағы ретінде каратеден әлем чемпионы, джиу-джитсудан Кеңестер Одағының чемпионы, Еуропа және әлем чемпионы, 5-ші Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Әшім Қали келді:

— 40 жыл көлемінде жекпе-жек өнерінің ұршығын иіріп жүрмін. Талай жетістіктерге жеттім. Арманым біреу-ақ еді. Ол бүкіл жекпе-жек түрлерінің басын қосып, үлкен спорттық шара ұйымдастыру. Бүгін менің алдымды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бауыржанұлы орап кетті. Азамат - халыққа тұңғыш рет теңдессіз жекпе-жектер кешін ұйымдастырып отыр. Сол себепті, Атырау жұртшылығына керемет кеш үшін алғысымды білдіремін,- деді Әшім Қали.

 

Кештің тағы бір қонағы Бүкіләлемдік аралас жекпе-жек жұлдызы, жеңіліп көрмеген Ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов арнайы қонақ ретінде келді. Өзінің Атырауда алғаш рет келіп, шараның жоғары дәрежеде өткендігіне қуанышын жеткізді. Сонымен қатар, Атырауда жекпе жек түрлері үлкен танымалдылыққа ие екендігін айтып өтті.

Шара барысында 2017 жылы үлкен жетістіктерге қол жеткізген Атырау облысының спортшылары Хабиб Нурмагомедовтың қолынан алғыс хаттар алды.

16 спорт түрінен өткен жарыстарда Атырау облысының спортшыларының барлығы да жеңіске жетті. Кештің басты кездесуінде ММА шебері Исатай Теміров Бразилиядан келген қарсыласын нокаудпен ұтты. Атырау облысына спортына үлесін қосқан азаматтар медальдар және алғыс хаттармен марапатталды.

Халыққа лазерлік шоу көрсетіліп, эстрада жұлдыздары ән шырқады. Арена ішіне бес спорттық алаң тұрғызылып, спортшылар сәйкесінше бірінен соң бірі кездесулерін өткізді. Атырау халқы үшін «Atyrau Sport Fest - 2017» ұзақ уақыт айтып жүретіндей үлкен әсер қалдырды.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.