Какой сегодня день

17 октября

Атырауда екі бірдей спорт кешені ашылды

Қазіргі уақытта мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев халықтың денсаулығын, спортпен айналысуын бірінші кезекке қойып отыр. Елбасы саясатының арқасында елде, облысымызда спорт нысандары көптеп ашылуда. Соның бір айғағы ретінде бүгін Zhasatyrau.kz сайтының тілшісі Атырау қаласы үшін маңызы зор қос спорт нышанының ашылу салтанатында болды.

Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай Атырау қаласына қарасты Ақсай ауылдық округінде жаңадан бой көтерген спорт кешені салтанатты түрде пайдалануға берілді. Дәл осындай ғимарат Дамбы селосында да бой көтерген.

Тәуелсіз елімізде тұлымды ұл мен бұрымды қыздың қызығын көру бәріміз үшін бақыт. Сондықтан да, бұл қуаныштың әрбір ата-ана үшін мәні де, маңызы да ерекше. Осынау жан толқуы мен жүрек тебіренісіне толы сәтте ертеңгі күннен қарымды күндер, үкілі үміт күтеміз.

Ақжар ауылында өткен ғимараттың ашылу салтанатына "ҚазМұнайГаз Барлау-Өңдіру" АҚ-ның әлеуметтік және әкімшілік департаментінің директоры Иманғалиев Бақыт Сайынұлы келді. Айта кету керек, қос аймақтағы ғимараттың бой көтеріне бұл мекеме себепші болған.

Дәстүр бойынша ғимараттың ресми лента кесу рәсімі өтті. Оған Ақжар ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәмешұлы Қуанышкерей мен спортшы, дзюдодан ҚР жеңімпазы - Шакиев Ризабек қатысты. Ауыл ардагері бүгінгі күнге дәл риза екенін жеткізді. Енді ауыл балалары уақыттарын бос өткізбей салауатты өмір салтын ұстанатын, ел мерейін асқақтатар, үлгі спортшы болады деген ниеттерін жеткізді.

«Ақжар-2» ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры болып, кикбоксингтен жоғары санатты жаттықтырушы, танымал спорт маманы Рүстем Қисметов сайланды.

− "Енді спорттың 10 түрі бойынша ауыл балаларын тәрбиелейтін боламыз. Қазірдің өзінде үйірмелерге жазылып жатқан жеткіншектер саны өте көп. Бұның өзі спорт ғимаратының халыққа қаншалықты керек екенін көрсетеді.  Өскелең ұрпақты салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу арқылы еліміздің спортының жандануына ықпал етеміз деп сенеміз. Ауылдардан да болашақ Олимпиада және чемпиондары шығатын күн алыс емес", - дейді Рүстем Қисметов.

Ал Дамбы селосында бой көтерген кешенге ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Сүндеткерей Қасанғалиев директор болып сайланды.

− Ауыл тұрғындар мен жастар атынан осындай әдемі ғимарат үшін рахмет. Бұрын ауылдарда кәсіби түрде спортпен айналысу үшін ешқандай жағдай болмайтын. Енді, міне, үлкен қуаныш, жаңа ғимарат бой көтерді. Еліміздің ертеңі жастарымыздың салауатты өмір салтын ұстанғаны өте маңызды. Болашақта бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп шығуға еңбек ететін боламыз, − деп жылы лебізін жеткізді.

Жаңа кешендерде көбіне бокс, кикбоксинг, күрес, таеквондо, дзюдо секілді спорт түрлеріне көбірек көңіл бөлінбекші. 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.