Какой сегодня день

24 июня

Атыраудың жас боксшылары іріктеуден өтті

Бүгін облыстық мамандандырылған бокс клубында 2003-2004 ж.т. туылған  жасөспірімдер арасындағы Атырау облысының іріктеу чемпионаты өтті. Сайысқа Құрманғазы, Жылыой, Махамбет, Мақат, Исатай ауданы және Атырау қаласынан 200-ден астам боксшы қатысты.

"Жастардын боксқа деген қызығушылықтары жоғары. Бұған дәлел, бүгінгі жасөспірімдер арасындағы облыс біріншілігін мысал етіп алуға болады.  Бәрі де чемпион ағалары секілді әлемдік денгейдегі спорт шебері атануды басты мақсат еткен. Сонымен катар, еліміздің түкпір-түкпіріне барсаңыз да бокс мектептерін көптеп кездестіресіз. Біздің мақсатымыз Атыраудан болашақ әлем чемпионын шығару»,- дейді Атырау облысы бокс федерациясының вице-президенті Tургаев Сəрсенбай Қамиұлы.

Облыс біріншілігінде топ жарған жас боксшыларымыз сәуір айының басында Ақтөбе облысында өтетін Батыс Аймақтық Қазақстан чемпионатына қатысады. Жеңімпаздардан жаңа құрама құрылып, байрақты бәсекелерде Атырау облысының намысын қорғайтын болады.Ал,бүгінгі турнирдің қорытындысы бойынша 52 келі салмақта жеңімпаз атанған Бітімов Бекзат жарыстың "ең үздік" боксшысы атанды. Бекзат жекпе-жек барысында техникасымен көзге түсіп, мықтылығын дәлелдеді.

Айта кетейік, сәуір айында қаламызда дәстүрге айналған Махамбет пен Исатай атындағы батыр бабалар турнирі өтеді. Ұйымдастырушылар облысымызда бұрын-соңды болмаған бокс додасы өтеді деп отыр. Халықаралық турнирге кем дегенде әлемнің 30 елінен боксшылар келмек.

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.