Бүгін қандай күн?

19 қараша

Бокспен тыныстаған зейнеткер

Атырау облысында әйелдер боксының құрылғанына 7 жыл шамасында уақыт болды. Осы арада қыздарымыздың жеткен жетістіктері де аз емес. Осындай кішкене уақыт аралығында команда жасақтап, облысымыздағы әйелдер боксының дамуына үлесін қосқан жаттықтырушыларымыз саусақпен санарлық. Соның бірі - биыл 80 жасқа толғалы отырған Алексей Павлович Юн.

Алексей Павлович — өз ісіне адал берілген, спортсыз өмірін елестете алмайтын жандардың бірі. Зейнеткерлік жасқа жеткеніне біраз жыл болса да жаттығу залынан алыстаған емес.

Спорт менің өмірім

«Бұл менің өмірімнің мәні. Бір күн залға келмей қалсам өзімді ауру адамдай сезінемін. Үйдегі аруларымының барлығы залға келгенде ұмытылады. Кішкентай балаларды боксқа тәрбелеп, жаттықтырушылық жолды таңдағаныма еш өкінбеймін. Өмір бойы өзімнің сүйікті ісіммен айналысудамын», — дейді зейнеткер.

Алексей Павлович Юн 1937 жылдың 12 қазанында Үштөбеде дүниеге келген. Сол жерден жеті кластық мектепті бітіреді. Кейін 16 жасында Ресей еліне техникумға оқуға түсіп, Челябинск қаласындағы темір жол техникумында оқып жүрген кездері бокспен айналыса бастайды. 1956 жылы кәсіпқой түрде сайыстарға қатысады. Техникумдағы төрт жыл оқуы кезінде Ресей Федерациясының Солтүстік аймақтық біріншілігінде жүлдегер атанады. Анасынан айырылып, жас кезінде көп қиындықтарды басынан өткереді. Оқып жүрген кезінде тек қана бокспен айналысып қана қоймай, қосымша жұмыстар атқарады. 1960 жылы Атырауға келіп мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметіне орналасады.

1978 жылы бокстан жаттықтырушы ретінде қызметін бастайды. Осы уақытқа дейін бокстан қол үзбей көптеген чемпиондарды тәрбиелеп шығарады. Бірнеше рет спорт мектпетерінде басшылық қызметтер атқарған. 1990 жылдан зейнетке шығады. Дегемен, осы уақытқа дейін бокстан қол үзген емес.

2010 жылы облыста тұңғыш рет әйелдер боксының негізі қаланады. Сол кезде облыста алғашқылардың бірі болып әйелдер боксының негізін салады.

 «2010 жылы Федерация президенті Талғат Байтазиев болды. Республикалық көлемде өткен конференциялардың бірінде оған «Мұнайлы астанада  неліктен әйелдер боксы жоқ» деген сауал қойылады. Ол кезде Қазақстанның кей өңірлерінде әйелдер боксы мектептері 5-6 жыл бұрын жұмысын бастап кеткен болатын. Байтазиев Атыраудағы барлық жаттықтырушылардың басын қосып әйелдер боксын қалыптастыру туралы тапсырма берді. Ол кезде менде ғана үш қыз болатын. Сол сәтте Федерация президенті мені әйелдер құрамасының бас бапкері қылып сайлап, көп ұзамай алғаш болып Атыраулық қыздар Қазақстан біріншілігіне қатысты», − дейді ардагер спортшы.

Қыздармен жұмыс жасау қиын

Алексей Павлович жаттықтырушы ретіндегі қызметінде бірнеше талантты боксшыларды чемпион қылып шығарды. Оның ішінде Жазира Дәулетқали, Айдана Ділмұқашева, Камила Матжанова, Бибінұр Қабдырахманова, Алмагүл Шариева, Салтанат Шапабаева, Ботагөз Тұрдәлиева және Ақмарал Шәмшиденова секілді жетістіктерге қол жеткізген шәкірттері бар. Қазір Халилулла Зарина атты шәкірті жастар арасындағы Қазақстанның номері бірінші боксшысы болып саналады. Ол осы жылы өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды.

«Жаттықтырушы ретіндегі көп жылдық тәжірибемде түрлі-түрлі спортшыларды кездестірдім. Әсіресе, кішкентай қыздармен жұмыс жасаған өте қиын. Кейде жаттығуға келмей қалып, көп ауырады. Онымен қоса, қыздарға көп жаттығулар жасата алмайсың. Қиындықтарға төтеп бере алатын мықтылары ғана қатарда қалады. Бокс қыздарға өте ауыр спорт түрі», − дейді Алексей Павлович.

Бокс өлсе мен де өлемін

Бокс клубына аяқ басқанымызда алдымыздан Алексей Павлович жаттығу жұмысына келіпті. 40 жылы бойы бокс атты әлеммен тыныстап жүрген қарияның көзінен боксқа деген шын берлігендігін байқауға болады.

Алексей Павлович:

− Менің жасым 80-ге таяп қалса да өзімді сергек сезінемін. Үнемі дене шынықтырумен айналысып, дұрыс тамақтануды мақсат қоямын. Кіп-кішкентай балаларды бокс үйірмесіне қабылдап аламыз. Олар жылма-жыл өсіп үлкен азамат пен азаматшаларға айналады. Соның өзін көрген мен үшін бір бақыт. Бокс менің өмірім. Менің бойымдағы энергиям, күш-қуатым тек бокс залына барғанда ғана қалпына келеді. Бокс өлсе мен де өлемін». Содан бері балалары жаттығу залына баруға рұқсатын берген көрінеді.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.