Какой сегодня день

24 июня

Еліміз бойынша Атырау парадзюдошылары бірінші орында

Олардың мүмкіндігі шектеулі болса да, жасаған тірліктері ерлікпен пара-пар. Дені сау адамдардан мың есе артық. Бұл біздің парадзюдошы спортшыларымыз. Құрылғанына небәрі бір жыл толса да, жарыстардан оза шауып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Ал, былтырғы жылы бұл федерацияда қандай игі істер жасалды? Алда не күтеміз? Міне, осы сауал төңірегінде бүгін «Ренессанс» қонақүйінде жиын өткізілді.

Жиында федерация президенті Асылбек Маратұлы спортшылар мен парадзюдо спортының дамуына үлес қосып жүрген мамандарды марапаттады.

-Азғантай уақытта осындай үлкен көрсеткіштерге жетіп жатырған спортшы-палуандарымызға шын жүректен ризашылығымды білдіремін! Жалғыз адамның қолынан ештеңе келмейді, осынша үлкен жұмыстар - жинаған тәжірибені, оқыған білімді, жасалған еңбекті ұштастырып барып, командалық бірліктің арқасында ғана қол жеткізуге болады.

Жиын барысында бас бапкер Жандос Киянов 2016 жылы аткарылған істерді саралап, баяндама жасаған болатын. Бапкердің айтуы бойынша, парадзюдошылар федерациясы әлем чемпионаты Ануар Сариевтің Рио-де Жанейрода өткен параолимпиададан 7-ші орынды иеленгеннен кейін құрылған. Осы жеңістен соң федерация құрамына көзі нашар көретін палуандар да келіп қосылган екен. Бір жыл ішінде парадзюдошылар Қазақстан тарихында тұңғыш рет Қызылордада өткен ҚР чемпионатында екі алтын, (А.Сариев, Галымжан Махметов), бір күміс (Теміржан Даулетов), екі қоламен (Әділбеков Абылай, Жагор Жоламан) командалық есепте бірінші орынға қол жеткізген көрінеді.  

Парадзюдо спортшылары үшін биылғы жылда табысты басталған. Жақында Германияның Гейдельберг қаласында дәстүрлі өтіп жүрген халықаралық турнирде Ануар Сариев күміс жүлдеге қол жеткізіпті. Ал, алдағы уақытта бұл спортышылар Азия чемпионатында олжамен оралуды көздейді.

Мүгедектер клубының директоры Қ.Шпанов:

-Биік шындарды бағындырып, жетістіктерге жету - тек аянбай төккен маңдай тердің арқасы деп білемін. Бир жылдын ишинде біраз жұмыстар жасалған. Әлі шешуін күтіп тұрған көптеген мәселелер бар. Алдағы уақытта оны да бірігіп шешеміз деп ойлаймын. Қазір жаңа команда жасақталуда.

Мүгедек жандар болса да, мүмкіндіктері шектеусіз екендігін дәлелдеп, патриоттық руxтың, өмірге деген шүкіршіліктің биік үлгісін көрсетіп жүрген спортшыларымыз қашанда құрметке лайық. Болашақта спортшыларымыз әлі талай жақсы көрсеткіштерге жетеді деп сенеміз.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.