Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Ержан Ордабаев әлем кубогының жеңімпазы!

Ресейдің Белоярский қаласында дәстүрге айналған мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогы мәресіне жетті. XV рет ұйымдастырылған  турнир Социалистік Еңбек Ері Фарман Салмановты еске алуға арналып, оған 19 мемлекеттен 100-ден астам боксшы қатысты.
 
 
Айтулы жарыс тарихында Атыраулық боксшы Ержан Ордабаев алғаш рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. Бұған дейін боксшыларымыз қатысқанымен де жеңіс тұғырынан көріне алмаған еді. Дода барысында бірнеше боксшымыз финалда сүрінді.
 
60 келі салмақта сынға түскен Ержан Ордабаев алғашқы кезеңде Әзірбайжандық Омаров Аразды оңай ұтты. Жартылай финалды жарыс қожайыны Мирзоев Русланды тізе бүктірді. Финалда осы турнирдің фавориті саналған тағы бір жергілікті жұлдыз Хатенов Артеммен кездесті. Оның алдында Артем Ұзақбаев Асылханды ұтып кеткен болатын. Намысқа тырысқан Ержан ақтық сында Ресейлік спортшыға еш мүмкіндік қалдырмай, чемпион атанды.
 
Әлем кубогының тартысқа толы өтетін негізгі себебі бар. Ол жеңімпаз атанған спортшыларға Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағының берілетіні. Биыл өткен сайыс та соны дәлелдеді. Ресейдің кіл мықтылары, Өзбекстан Олимпиада чемпиондары, Әзірбайжан мен Моңғолия сияқты елдер ең мықты деген боксшыларын алып келді.
Жалпы есепте жарыс қойжайындары мықтылығын дәлелдеп, бірінші орыннан көрінді. Қазақстан қоржынында 2 алтын (Ержан Ордабаев, Римма Волосенко), 2 күміс (Абылай Сайлаубеков, Алина Тұрлыбаева), 2 қола (Рашид Салауатов, Шаймұрат Хусайынов) медаль бар.

1. Ресей — 9 алтын, 9 күміс, 17 қола
2. Қазақстан — 2 алтын, 2 күміс, 2 қола
3. Өзбекстан — 1 алтын, 3 күміс
4. Беларусь — 1 алтын, 4 қола
5. Әзірбайжан — 1 алтын, 1 қола
6. Латвия — 1 қола
7. Молдова — 1 қола
8. Моңғолия — 1 қола

Әлем кубогының жеңімпаздары:

Әйелдер:
51 кг – Яна Бурим (Беларусия)
60 кг – Римма Волосенко (Қазақстан)
64 кг – Александра Ордина (Ресей)
81 кг – Любовь Юсупова (Ресей)

Ерлер:
49 кг – Артыш Соян (Ресей)
52 кг – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
56 кг – Умуд Рустамов (Әзірбайжан)
60 кг – Ержан Ордабаев (Қазақстан)
64 кг – Григорий Лизуненко (Ресей)
69 кг – Константин Мишечкин (Ресей)
75 кг – Андрей Ковальчук (Ресей)
81 кг – Нажмутдин Шамсутдинов (Ресей)
91 кг – Василий Зверян (Ресей)
91 кг + — Сергей Егоров (Ресей)


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.