ҚАЛАМЫЗДА ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

Бүгін жекпе-жек ұлттық спорт түрінен ерлер мен əйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Еліміздің түкпір - түкпірінен жиналған 200- ден астам жекпе-жек шеберлері екі күн бойы үздіктерді анықтайтын болады. 

Ел чемпионатының ашылуына облыс əкімі Нұрлан Асқарұлы келіп, спортшыларға сəттілік тіледі: 

"Атырауда бүгін үлкен спорт додасы өтуде. Кез-келген спорт түрі үлкен күш пен еңбекті талап етеді. Ал жекпе-жек батылдық пен үлкен жігерлілікті керек ететін бабалар мұрасы. Сондықтан бүгінгі жарысқа қатысып отырған барлық спортшылар жеңісе лайық. Олар жауапкершілік жүгін арқалап, ел намысын қорғау үшін еңбектеніп жүр.  Қазақ спортшылары ақыл-ойы мен білек күшін пайдалану арқылы әлемді мойындатып келеді. Сондай ерлеріміз осындай додалар арқылы өсіп жетіледі. Бүгінгі сайысқа келген барлық облыс өкілдеріне, жаттықтырушылар мен спортшыларымызға сәттілік тілеймін», - деді облыс әкімі. 

Жекпе-жек спорты Қазақстанда 2011 жылдан бері өткізіліп келсе,қаламызда бұл федерацияның құрылғанына бір жыл өтті. Облыстық жекпе -жек федерациясының президенті Мадихан Бекенбетов Атырау спортшыларының атой салатын уақыты әлі алда екіндігін айтады: 

-Қаңтар айында облыс біріншілігін өткізіп, Қазақстан чемпионатына қатысатын спортшыларды іріктеп алған болатынбыз. Бүгін сол ерлеріміз өз жерлестері алдында үлкен додаға түсуде. Командамыз кем дегенде үш алтын медаль алады деп ойлаймын. Жарыстың алғашқы күні жақсы нәтиже көрсетудеміз. Өкінішке орай ел чемпионатына қатысатын Атыраулық қыздар жоқ. Томирис патшайым, Әлия мен Мәншүк секілді аналарымыздың жолын қуып, қайсарлықтықтың үлгісін көрсететін жастарды тәрбиелеу алдағы мақсатымыз. 

 

Айта кету керек, бүгін чемпионаттың іріктеу сайыстары өткізілсе, сегіз бұрыштағы батырлар айқасы ертең 10:00-де жалғасады. Алдымен, жартылай финалдық кездесулер, түске таман ақтық сындар өтеді.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.