Какой сегодня день

23 апреля

"Қансонар-2017" құсбегілер сайысы Атырауда

Құсбегілік өнер - қазақ халқының қанына сіңген, көне дәстүр. Ежелгі заманнан бері бастау алған өнердің бұл түрі атадан балаға мұра болып жалғасып келеді. Оны халық жадында ұмыт қалдырмау, қайта жаңғырту мақсатында жыл сайын елімізде бүркітшілер сайысы өткізіліп  тұрады. Биыл да бұл дәстүр өз жалғасын тауып, Жаңаталап ауылында «Қансонар - 2017» құсбегілер арасындағы республикалық турнирі өткізілді. Айта кету керек, ұлттық спорттың осынау түрі араға тоғыз жыл уақыт салып, Атырау жерінде болып отыр.

Құсбегілер сайысына Қазақстанның әр өңірінен 20 бүркіт, төрт қаршыға қатысқан болатын. Байқау кезең-кезеңге бөлініп, жиналған ұпай саны бойынша жеңімпаздар анықталды. Саятшылар бүркіттерін қоян, қарсақ, қасқырға салып жарысқа түсірсе, қаршығалар қоян, кептер аулаумен бағын сынады.

Астана қаласынан келген Мағзомов Руслан құбегілікпен 2014 жылдан бері айналысып жүр. Жарысқа өзімен бірге ұстазы Құттуғанұлы Серікбек те келіп, жарыстан жүлделі орын күтетіндігін айтып өтті.

«Бүркітті күннің қолайсыз мезгілінде асын тауып беру болмаса, оны күтудің айтарлықтай қиыншылығы жоқ. Қолыңа ұстағаннан кейін мәпелеп, өсіруің қажет. Ал, өзім бала кезімнен бері құсбегілікпен айналысып келемін. Қазіргі таңда шәкірттерімді әзірлеу үстіндемін. Олардың бұл спортқа деген ынтасы жоғары»-, дейді Құттуғанұлы Серікбек.

Турнирге Атырау облысынан үш құсбегі де қатысты. Солардың арасында Арман Қошқаровтың «Нарын» деген бүркіті жеңімпаз атанды. Ақмолалық Бергенбай Ақтамбекұлының бүркіті екінші орынды, ал Астана қаласынан келген Руслан Мағзомов үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, қаршығашылардың турнирінде Жамбыл облысынан келген 15 жасар Серікболсын Жалғасұлы қаршыға салудан «Ең жас саятшы» аталымына иеленді. Ал атыраулык жерлестеріміз Ақберен Құрманғалиев үшінші орынды, Алматы облысының қаршығашысы Аят Сейітжан екінші орын жеңіп алды. Қаршығасы барлық кезеңдерден жоғары ұпаймен өткен Жамбыл облысының тумасы Бауыржан Шерниязға бірінші орын бұйырды. Барлық қатысушылар Атырау облыстық спорт клубының арнайы жүлделерімен марапатталып, сертификаттар табысталды.

Атырау облысының ұлттық спорт түрлері клубының бас бапкері Әбдікәрім Қошқаров:

-Ұлы дала ойындары саналатын төл өнеріміз құсбегілік өте жоғары деңгейде өтті. Бұл сайысқа ұзақ уақыт дайындалған едік. Сайысты алдағы уақытта өткізуге болады. Ал, біздің жерімізде құсбегілікпен айналысуға барлық жағдай жасалған.

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.