Какой сегодня день

17 октября

Кикбоксинг федерациясында жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Атырау облыстық кикбоксинг федерациясының президенті болып Семғалиев Әлібек Аманжанұлы тағайындалды. Ал, бұған дейін президент қызметін атқарған Медет Серікбаев "Құрметті президенті" атанды.

Осыған дейін атқарушы директор қызметін атқарған Ерік Нұфтоллаұлы басқа қызметке ауысуына байланысты орнына Шолпанай Мусина Сәрсенбайқызы келді. Өз кезегінде федерация ұжымы Ерік Нұфтоллаұлының еңбегін айрықша бағалап, алғыс хатпен марапаттады. Қазақы дәстүрге сай шапан жауып, жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңа президент Семғалиев Әлібек алдағы уақытта кикбоксинг спортының дамуына аянбай еңбек ететінін айтты:

− Бүгін облыстық кикбоксинг федерациясының президенті лауазымына тағайындалып отырмын. Бұл мен үшін үлкен абырой. Осыған дейін спорт саласына қосқан еңбегімді бағалап, президент қызметіне ұсынғандарыңызға өте қуаныштымын.

Медет Серікбаев бастаған ұжымның еңбегін көріп келдік. Жасалынған еңбек өте көп. Ендігі уақытта біз соны жалғастырып, одан әрі дамыта түсуіміз керек. Медетпен және жаттықтырушылармен бірігіп алдыға үлкен жоспар құрып соның іске асуы жолында қызмет атқарамыз.  Спорт еліміздің мерейін көтеретін сала. Сол себепті, жастарымызды спортқа баулуымыз керек. Еліміздің туын тек биіктен көрсететін шәкірттер дайындап шығаруымыз керек", − дейді Семғалиев Әлібек Аманжанұлы.

Семғалиев Әлібек Аманжанұлы бұған дейін де спорт саласында тер төгіп келген. 2015 жылы Атырау облысы жекпе-жек федерациясының президенті қызметін атқарған. Қазіргі күні қалалық маслихаттың депутаты және "Сазанқұрақ" компаниясының директоры секілді бірнеше қызметтерді атқарады.

Облыстық кикбоксинг федерациясының аға бапкері Данияр Юсупов:

− Әлібек Аманжанұлы бұған дейін де кикбоксинг спортына қолдау көрсетіп жүрген азаматтардың бірі. Осы жылы қаламызда өткен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізуге ат салысты. Одан бөлек, Исатай ауданына спорттық алаңдар салдырып, мүгедектер спортына да көмегін тигізіп келеді. Алдағы уақытта жаңа басшымен жаңа белестерді бағындырамыз деген ойдамын.

Айта кету керек, қазіргі уақытта облысымызда 600-ден астам спортшы кикбоксингпен айналысады. Жақында ғана Исатай ауданында филиал ашылып, облыстағы кикбоксингтің географиясы  ұлғайып келеді. Өздеріңіз білетіндей байрақты бәсекелерде спортшыларымыз ешқашан жеңілген емес. 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.