Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Парадзюдодан Атыраулық спортшылар жеңіске жетті

Атырауда «Гран при Қазақстан-2017» парадюздо бәсекесі өтті. Бұл еліміздің парадзю тарихындағы ең алғашқы ірі шара болып отыр. Көз жанары зақымдалған спортшылар арасындағы бәсекені көріп, спортшылардың өмірге деген құштарлығын анық байқауға болады.

"Көзімнің көрмегені мені спорттан аластатқан емес. Жарық дүниенің кереметін түгелдей көре алмасақ та, жүргемімізбен сезінеміз. Бізге барлық жағдай жасалған. Жарыс кезінде қарсыласымды ұтып, елдің қошеметіне бөленсем соның өзі әрі қарай өмір сүруге үлкен мотивация емес пе?" - дейді жарысқа қатысушы спортшы.

АҚШ, Оңтүстік Корея, Грузия, Ресей, Қырғызстан және Қазақстан құрамаларынан 50-ге жуық спортшы қатысты. Жалпы, есепте 3 алтын жүлдемен Ресейлік спортшылар Гран при жарысында топ жарды. Қазақстанда 2 алтын, Оңтүстік Корея мен Америка спортшыларынла бір алтын медальдан бар.

Атыраулық спортшылар өз жерімізде өткен Халықаралық турнирде аянып қалған жоқ. Жергілікті спортшы, Қазақстан парадзюдосының жарқын өкілі, әлем чемпионатының жүлдегері Ануар Сариев өзінің тәжірбиелі маман екенін дәлелдей алды. Ол үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Ақтық сында АҚШ елінің спортшысын ұтты.

Одан бөлек 73 келі салмақта Дәулет Теміржан мен 81 келіде Махметов Ғалымжан күміс жүлделерге ие болды. Қос спортшымыз ақтық сында тиісінше Ресей мен Оңтүстік Корея елінің өкілдеріне тізе бүктірді.

Турнирдегі ең жасы үлкен спортшы Ресейлік болды. Оның жасы 60-қа таяса да спортық бабында екен. Жарыс ұйымдастырушылар оған арнайы "жеңіске деген жігері үшін" дипломын табыс етті.

Атырау облысы парадзюдо федерациясы Қазақстан бойынша тұңғыш рет осындай үлкен турнирді ұйымдастырып отыр. Келесі жылы да бұл турнир жалғасын таппақ.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.