Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

1 желтоқсан күні Атырау қаласында Ұлттық спорт Жекпе-жектен тұңғыш әлем чемпионаты жалауын көтерді. Чемпионатқа 100-ден астам спортшы қастысуда.

Әлемде жекпе-жек спортының түрі бар. Тарихта батырларымен аты қалған қазақ елінің өз жекпе-жек өнері, өзінің жауынгерлік әдіс-айлалары болуы шарт. Бүгінгі жекпе-жектен әлем чемпионатының негізгі мақсаты Қазақтың батыр халық екенін күллі әлемге жекпе-жегі арқылы тағы бір дәлелдеу, көрсету.

Әрине, алғашқы әлем чемпионаты болған соң қатысушы мемлекеттердің аз болатыны сөзсіз. Дегенмен бірінші жарыс күнгі қатысушылардың деңгейін еске отырып олай айта алмайсыз. Өз елдерінің чемпиондары, ММА, Панкратион секілді танымал спорт түрлерінен әлем чемпионатының жүлдегері атанып үлгерген кіл мықты спортшылар келіп отыр.

Бірінші күнгі басты жекпе-жектердің бірі Қазақстандық танымал спортшы Арман Ашимов пен Қырғызстандық Жумабек уулу Темірлан арасында өтті. Жақында ғана Мәскеуде кәсіпқойлар арасында жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетіп келген отандасымыз жерге қаратпады. Қырғызстанның танымал спортшысын екінші раундта техникалық нокаудпен ұтты.

Жергілікті жұлдыз Исатай Теміров Дағыстандық қарсыласын тізе бүктірді. Қанат Досмағамбетов Қырғызстан спортшысын екінші раундта техникалық нокаудпен ұтты.

Айта кету керек, Қазақ ұлттық спорты саналатын жекпе-жектің негізгі ережелері, сегіз бұрыштағы төрешінің нұсқаулығы тек қана қазақ тілінде жүреді. Мысалы «тоқта», «баста» секілді сөздер. Шет ел төрешілері мен спортшылары сайысқа қатыспас бұрын осы секілді сөздерді жатқа білуі шарт.

Әлем чемпионаты 3-ші желтоқсанға дейін жалғасады. Жекпе-жектердің басталу уақыты 17:00


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.