ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Сырбаз Үндістанда күміс жүлде еншіледі

Просмотров - 861
23.07.2018

21-22 шілде күндері Үндістан елінің Нью-Дели қаласында еркін күрестен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті.

Құрлық біріншілігінде Қазақстан жастар құрамасы екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Оның ішінде атыраулық балуан Талғат Сырбаз күміс жүлдеге қол жеткізді.

61 келі салмақта сынға түскен спортшымыз Үндістан және Жапон елінің балуандарын оңай ұтты. Ақтық сында Өзбекстандық Аббос Рахмоновқа тартысты өткен кездесуде 6-4 есебімен ұтылып қалды. Өзбек балуаны өте тәжірбиелі, Рио Олимпиадасының қатысушысы болып табылады.

Жаттықтырушылар: Жаманбаев Аслан, Каукенов Нәсіпқали.

Расскажи друзьям
Читай так же