Какой сегодня день

30 апреля

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы

  «Жасыл ел» бағдарламасы - 2005 жылы Қазақстан Республикасында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен қанат жайды. 

Жобаның мақсаты –жастардың күшімен елімізді көгалдандыру , елді мекен айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, сонымен қатар жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезімін ояту. Сонымен қоса, игі іс көмегімен еліміздегі жұмыссыздық мәселесін жою.

      «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының Атырау облыстық филиалы аталған бағдарлама аясында 13 жыл қатарынан үздіксіз қызмет етіп келеді.

Мәселен өткен жылы осы бағдарлама бойынша жұмысқа тартылған 600 жас  облыс орталығы мен аудандарда еңбек етті.

Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының 2017 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Атырау облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қызметін қамтамасыз ету жобасы аясында 2000 сарбазды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Егер сіз, облысымыздың гүлденіп, көркеюін қаласаңыз, онда бұл жолда өз үлесіңізді қосу әбден мүмкін!

Жазда еңбек еткісі келетін 16 мен 29 жас аралыңындағы азаматтар толық мәліметті «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының Атырау облыстық филиалынан біле аласыздар.

16 жас  – аптасына 35 сағат, күніне 7сағат 20 минут

18 – аптасына 40 сағат, күніне 8сағат

Жалақы мөлшері:59 853 тг.

Жұмыс жасау бағыттары:

  1. «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы
  2. Студенттік құрылыс
  3. Ауыл шаруашылығы жасағы

Қажетті құжаттар:

www.zhasatyrau.kz сайтына тіркелу

  1. өтініш
  2. жеке куәлік (көшірме)
  3. АҚ «Қазпошта» 20 санды шот номері (KZ xxxxxxxxxHHxxxxxxx форматта)
  4. Телефон номері
  5. Мекен жайы
  6. Оқу орыны
  7. Жұмыс жасағың келетін елді мекен (аудан, қала, ауыл)

Парақшалар: instagram: zhasylel_atyrau

facebook: Жасыл Ел Атырау

vk:"Жасыл Ел" Атырау облысы

ҚұжаттарНұрсая ықшам ауданы, 23 үй. Жастарға қызмет көрсету орталығында қабылданады.

 

Байланыс телефондары: +77122 31 70 34

+ 7 702 154 03 60

+ 7 775 614 56 94


Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.