ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

The Last Game — барыңды тәуекелге тік!

Просмотров - 319
10.06.2014

  Nike кезекті жарнама ролигін жарыққа шығарды. Бес минуттық мультипликациялық роликте Криштиану Роналду, Златан Ибрагимович, Неймар әлемдік футболға төнген қауіптің бетін қайырады. Әрине бұл жолда олар қиындықты бастан өткереді. Қара ниетті ғалым атақты футболшылардың клонын жасап, спортшыларды алаңда айна-қатесіз ойын көрсете алатын көшірмемен алмастырады. Алайда ақтық ойында оригинал футболшылар жеңіске жетеді. Nike компаниясының маркетинг бойынша директоры Дэвид Грассо осылайша футболдың тәуекел мен сенімділікке құрылған ойын екендігін жеткізген.

                                                   

Расскажи друзьям
Читай так же