ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

«Тіл мәртебесін ұлықтайық» зияткерлік сайысы

Просмотров - 179
01.10.2018

27 қыркүйек күні Атырау қаласының жастар ресурстық орталығының қолдауымен және облыстық Жас Отан ЖҚ ұйымдастыруымен тіл мерекесіне орай «Тіл мәртебесін ұлықтайық» атты оқушылар арасындағы зияткерлік сайысы өтті.
Мақсаты жастарды тілді құрметтеуге, патриоттық сезімдерін ояту болып табылады. Үш айналымнан тұратын сайысқа М.Жұмабаев атындағы орта мектеп және Н.Крупская атындағы № 18 орта мектеп оқушылары қатысты. Өзге ұлт өкілдерінен құралған сайыскерлер өздерін қазақ тілінде таныстырып, бірінші айналымды бастады. «Бәйге» деп аталатын бірінші айналымда қатысушыларға қазақ тілі және қазақ әдебиетіне қатысты сұрақтар қойылды.

«Жеті жұрттың тілін біл»
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – деп екінші айналым басталды. Мұнда сайыс қатысушыларына жұмбақтар жасырылды және олар жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ орыс, ағылшын тілдерінде жауап берді.Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан берілді. Үшінші «Жорға» айналымында қатысушыларға «Салт-дәстүр», «Өнер», «Тұлғалар» және «Еркін тақырып» ұяшықтарын таңдау ұсынылды. Төртінші айналымда берілген жұмбақтың шешуін шапшаң тапу керек болды.Сайыс қорытындысы бойынша :
1 орын- Дурманова Диляра,М.Жұмабаев атындағы орта мектеп оқушысы
2 орын- Серикова Жаннұр, 3 орын- Шайхадин Айдана, Н.Крупская атындағы № 18 орта мектеп оқушылары иеленді.

Расскажи друзьям
Читай так же