ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Түркия доллардан бас тартуға бел буды

Просмотров - 1612
13.08.2018

Түркия Қытай, Ресей, Иран және Украина сияқты ірі сауда серіктестерімен ұлттық валютада есеп айырысуға дайындалып жатыр. Бұл туралы ел басшысы Тайип Ердоған түркия-америкалық қарым-қатынасындағы дағдарыс аясында мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Түркиядан келетін алюминий мен болатқа баж салығын екі есе көтеру туралы шешім шығарылғанын мәлімдеген, санкция бойынша алюминийге 20 пайыз, ал болатқа 50 пайыз, бұл өз кезегінде түрік лирасының тарихи минимумына дейін әлсіреуіне әкеп соқты. Лира долларына 6,62 деңгейіне жетіп, бір тәуліктің ішінде 20 пайызға құнын жоғалтқан.  АҚШ пен Түркияның қарым-қатынасы соңғы кезде ушығып отыр, оған ел билігінің америкалық пастор Эндрю Брансонды 2016 жылы ұстағаны отқа май құйғандай болды. Өткен аптада АҚШ Қаржы министрлігі «адам құқығын өрескел бұзды» деген айыппен Түркия Әділет министрі Абдулхамит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлейман Сойлуға қатысты санкция шығарған еді.  «Біз Түркия Қытай, Ресей, Иран және Украина сияқты ірі сауда серіктестерімізбен ұлттық валютада есеп айырысуға дайындалып жатырмыз. Еуропа елдері доллардан бас тартқысы келсе, Анкара олармен де осындай есеп айырысуға өтуге дайын», — деді Риза қаласында сөз сөйлеген Ердоған. Онң сөзін Anadolu агенттігі келтіріп отыр.

Дерек көз: tengrinews.kz

Расскажи друзьям
Читай так же