ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Үш атыраулық ардагер қазақ күресінен ел чемпионы атанды

Просмотров - 86
29.11.2018

Қазақ күресінен ардагерлер арасында алғаш рет өткізілген Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды. Атыраулықтар 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Талдықорғанда өткен чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 150-ден астам балуан қатысты. Сайысқа қатысушы әр спортшы өзінің жас кезіндегі нәтижелерімен мақтана алады. Кілемге бірнеше әлем чемпиондары мен атақты спортшылар қатысты.


Атыраулық ардагерлер Тлекбаев Жандос, Оралбеков Бұрхан және Салықов Бекболат қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырынан көрінді.

Самбодан ардагерлер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанаған Көшенов Марал ақтық сайысқа дейін жетіп, күміс жүлдеге ие болды. Тахауов Асан мен Шаяхметов Нұржан қолаға қол жеткізді.

Расскажи друзьям
Читай так же