ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

WhatsАpp-та пайда болған «Момо» ойыны қаншалықты қауіпті?

Просмотров - 349
09.08.2018

Әлем елдерінде балалар мен жасөспірімдерге қауіп төндіретін «Момо» ойыны пайда болды. Ол WhatsАpp  арқылы таралып, халықтың зәре-құтын қашыруда.

Суицидттік  ойындардың басты ережесі бұл ойын қатысушыларына берілетін түрлі бұйрықтардың жіберіліп отыратындығында. Егер жасөспірімдер қорқынышты ойынға қатысудан бас тартса оларға қоқаң-лоққыға  толы хаттар келе бастайды.

Еске сала кетейік бір кездері дәл осыған ұқсас «Синий Кит» ойыны пайда болып, біраз адамды шулатқан еді. Дәл осындай жағдай қайта қайталануда.

Бұл ойында «МОМО» есімді бір түрлі қолданушы адамдарды қорқытады. Ол аватарына жапондық мүсінші салған суретті қойған. Белгісіз жан балаларға бастапқыда зорлық-зомбылық бейнеленген суретті жібереді, одан кейін «соны ойнауға» бұйрық береді.

Әрине, көптеген бала мұндай ойынға қатысудан бас тартады, сол кезде анонимді куратор қоқаң-лоққы көрсетіп, қорқытады. Бұл ойынды ойнаған адамдардың өзіне қол жұмсау деңгейі орташа көрсеткіштен жоғары екендігі дәлелденген. Мексика билігі бұл іс бойынша бірінші болып дабыл қаққан. Киберқылмыспен күрес жөніндегі қызметкерлер whatsАpp арқылы тарайтын бұл ойынның кураторларын құрықтау үшін бар күшін салуда.

Сол себепті жасөспірімдер мен кішкене балалар бұндай ойындардан бойын аулақ ұстағаны жөн. Ойынның қызығына кіріп өміріңізге қауіп төндіріп алудан сақтаныңыз.

 

Расскажи друзьям
Читай так же