Бүгін қандай күн?

20 қараша

11 Қараша

Ангола Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1975). Ангола - Африканың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және шығысында Конго Демократиялық Республикасымен, шығысында Замбиямен, оңтүстігінде Намибиямен, батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Луанда қаласы. Мемлекеттік тілі - португал тілі. Ақша бірлігі - жаңа кванза. Польша Республикасының ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Польша - Орталық Еуропадағы, Висла мен Одра өзендерінің аумағындағы мемлекет. Солтүстігін Балтық теңізі шайып жатса, батысында Германиямен шектеседі, оңтүстік-батысында Чехиямен, оңтүстігінде Словакиямен, оңтүстік-шығысында Украинамен, шығысында Белоруссиямен, солтүстік-шығысында Литвамен және Ресеймен шектеседі. Астанасы - Варшава. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы орган - екі палаталы парламент (Сейм мен Сенат). Әкімшілік бөлінісі - 16 воеводство, повяттар, гминдер. Ресми тілі - поляк тілі. Ақшалай бірлігі - злотый. Бельгияның мемлекеттік мейрамы - Татуластық күні (1918). 1918 жылдың 11 қарашасындағы Антанта мен Германия арасындағы татуластық келісіміне қол қойылуының кезекті жылдығына орай аталып өтеді және қаза тапқан барлық француз және бельгиялық солдаттарды еске алу күні болып есептеледі. Латвияның мемлекеттік мейрамы - Лачплесис күні (1919). 1919 жылғы осы күні Бермонт әскерлерінің Ригаға шабуылдарын жас латвиялық әскери құрылымдары қайтарған. Осы оқиғаға байланысты 1919 жылдың 11 қарашасында Лачплесис жауынгер ордені бекітілген. 1920 жылғы 18 қарашада орденнің жарғысы және оның «Латвия үшін» ұраны қабылданды. Канадада Еске алу күні. Жыл сайын 11-інші айдың 11-і күні сағат 11-де бүкіл Канада қалыпты ырғағын тоқтатып, екі минут үнсіз қалады. Осы екі минут тыныштықтарында канадалықтар өз өмірлерін ұлттың жарқын болашағы үшін қиған отандастарын еске алуға арнайды. Бұл дәстүр 1919 жылдан, Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуына бір жыл толуына орай, Король V Георг «Империяның барлық халықтарына» өмір сүру құқығы мен отандастарының бостандығы үшін өмірлерін құрбан еткендерді мәңгі есте қалдыруға шақырған үндеу арнауымен басталған еді. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 16 жыл бұрын (1996) ҚР Білім және ғылым министрлігінің Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты құрылды. 14 жыл бұрын (1998) астанадағы Перинаталдық орталық жанынан Республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. 8 жыл бұрын (2004) Астанада Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының IV Құрылтайы өтті. Бұл шараға барлық облыстардан делегаттар, қазақ қоғамдастығының шет елдердегі өкілдері де қатысты. Мемлекеттік тілдің қолданылуы мен дамуы, оның мәртебесін арттыру, сондай-ақ республикадағы ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты нығайту мәселелері талқыланды. 8 жыл бұрын (2004) 11-13 қарашада Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н.Тілендиев атындағы I Республикалық дирижерлер конкурсы өтті. Оны атақты композитордың өз атындағы Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестр ашты. 8 жыл бұрын (2004) Алматыда «Таза алау жағамыз» деп аталған «Күміс кітап» сериясының тұңғыш томы жарық көрді. Кітап әдеби жанрлардың - тарихи зерттеу, саяси эссе және тіпті шытырман оқиғалы әңгімелеу тәрізді синтезден құралған. Басылымның негізгі арқауының бірі - сондай термин қалыптаспай тұрып-ақ, кең-байтақ Далада өз бетінше-ақ әлеуметтік-экономикалық құбылыс болып қалыптасқан Евразия ұғымының көне бастауларын ашып көрсету. 6 жыл бұрын (2006) Павлодар облысының Баянауыл ауданында көрнекті энциклопедияшы-ғалым, ағартушы және әдебиетші Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесінің ашылуы болды. Кешенді кесене сары алтын түсті кірпішпен тұрғызылған, кесененің өзіне 73 баспалдақпен көтеріледі - Мәшхүр Жүсіп осынша жыл өмір сүрген. Ғимараттың ішінде мұсылман діни ұстанымдары негізінде екі бөлме - зиратхана мен гурхана бар. Біріншісі намаз оқып, келушілердің еркін әңгімелесуіне арналса, гурханада сандықтас орналасқан. Ол қордайлық граниттен көне түркілік үлгіде, адам өмірінің кезеңдеріне сәйкес, үш деңгейде орындалған. Алтынмен апталған кіреберіс есікті көркем өрнектеп, әсем әшекейлеген ең үздік қазақстандық зергерлердің бірі - Қырым Алтынбеков. 14 метрлік  екі күмбезге Алланың 99 аты жазылған. Көрікті кешеннің авторлары - Бек Ыбыраев пен Сәдуақас Ағытаев.



Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.