ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

«Жалынды жастар-Қазақстанның жарқын болашағы»

Просмотров - 298
18.10.2018

18 Қазан күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті Журналистика мамандығының 1 курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау шарасы өтті. Шара барысында студенттер 2014 жылы Журналистика мамандығы студенттері арасында құрылған «Жалын» жас журналистер ұйымының мүшесі атанды.


«Жалынды жастар-Қазақстанның жарқын болашағы» атты бұл шараға Журналистика кафедрасының профессор оқытушылар құрамы қатысты.
«Жалын» жас журналистер ұйымының басты мақсаты «Журналистика» кафедрасы студенттерінің белсенділігін арттыру; жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ету, университет студенттерін журналистика мамандығы саласына қызығушылығын арттыру; тіл байлығын дамытып, ойлау қабілеттерін арттыру; болашақ журналист мамандарды баспасөз, радио, теледидар, интернет сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының салаларында тәжірибелік жұмыстармен айналысуға; поэзия бағыты бойынша бар шығармашылық дарынын дамытуға атсалысу болып табылады.


1 курс студенттерін қатарға қабылдау барысында жылдағы дәстүр бойынша Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының оқушылары да, қабылданып, «Жалын» жас журналистер ұйымының басшысы Жолдасова Назым ұйымның атқарған қызметі мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Сондай-ақ бұл кеште журналистика мамандығының 4 курс студенті ақын Зинеденов Еркебұланның «Әкеге аманат» атты кітабының тұсауы кесілді. Шара барысында журналистика кафедрасының студенттері айтыс өнерін жандандырып, мың бұрала би билеп, әсем әнмен әуелетіп өз өнерлерін ортаға салды.


Амангелді Дина Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының оқушысы:
Мектеп табалдырығынан бастап журналистика мамандығының қыр-сырын меңгеріп жатқан мен үшін, студенттер арасындағы «жалын» жас журналистер ұйымына қабылданып отырғаныма қуаныштымын. Болашақта осы ұйымның әр шарасына белсене қатысып, әрі қарай жандануына өз үлесімді қосуға тырысамын.

Жолдыбаева Асем

Ашығалиев Равиль 

Расскажи друзьям
Читай так же