ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

«Жан пида» қойылымы қалай өтті?

Просмотров - 163
17.11.2018

«Театр-өмір айнасы». 16 қараша күні Халық шығармашылық орталығында  Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романының желісі бойынша режиссер: Мұханғали Томанов қойған  «Жан Пида» қойылымы өтті.

Қойылымның қоюшы суретшісі: Бақытгүл Әділғалиева, Биін қоюшы: Анар Есенғалиева. Атырау облысы Жастар Саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас интеллектуал» Жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен, бұл аталмыш туындыны талантты да, өнерлі жастардан құралған Атырау Жастар театры қойды.   Қойылымға Атырау Облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Асқарұлы арнайы келіп өнер сүйер қауымның әрқашан орны толсын деп өзінің жылы лебізін білдірді.

Атырау Облысы әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев:

Жастар театрының осындай тақырыпта қойылым қойып жатырғандығы үлкен шеберлік. Халықтың орынынан тұрып қол соққанына қарағанда қойылым баршаңыздың көңілдеріңізден шықты деген сөз. Қойылым арқылы айтам деген ойларын жеткізе білді деп ойлаймын. Бұған салған режиссер мен автордың актерлардың еңбектері көрініп тұр. Маған келген ақпарат бойынша осы қойылыммен «жастар театры» аудандарды аралайын деп отыр екен сондықтан жолдары болсын дейміз. Бүгінгі қойылымның тақырыбы қоғамдағы өзекті мәселелерді, жастардың қоғамың әр мүшесінің келеңсіз пәледен ада болуын, әділетсіздікдіктің не екенін, қандайда бір атқарған қарекеттің қайда алып келетінін осы сахнадан қысқаша ғана уақытта түсіндірді деп ойлаймын. Киелі сахнада өнер көрсетіп жүрген азулы алқалы аға-апаларының ізін жалғастырып жүрген Жастар театрына алдағы уақыттада да қадамдары нық болып, еліміздің дамуына өз үлестерін қоса берсін деп тілеймін.

Сондай-ақ қойылымды Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының белді актерлары Еркебұлан Дайыров, Алмас Шаяхметов, Асан Қырқабатов арнайы келіп тамашалады.

Қойылымның басты мақсаты «Жан пида» драмасы арқылы қасқырлар әлемімен салыстыра отырып, өшпес адами құндылықтарды дәріптеу. Жастарды нашақорлық дертінен бойын аулақ ұстауға шақырып, нашақорлыққа қарсы күреске үндеу, салауатты өмір салтын сақтауға шақыру. Қоғам дертіне айналған нашақорлықтың айықпас азабын кейіпкерлер арқылы түсіндіру.

Адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Айтматовтың бұл шығармасында адам баласының асыл қасиеттерінің жоғалуы суреттеледі. Нашақор деген айықпас дерттің құрбаны боп, көзалдымызда хайуанға айналып бара жатырған жандардың жан азабын бейнелейді.Арақ пен наша үшін табиғат ананың бір бөлшегі кішкентай бөрініқолды еткен Базарбайдың ессіз әрекетінен басталатын адамдар мен бөрілер арасындағы шайқасты көрсетеді.

Гүлнұр ҚайырлиеваАтырау Жастар теартрының жетекшісі:

Бұл қойылымды қою үшін біз екі апта көлемінде дайындалдық.  Шыңғыс Айтыматовтың «Жан пида» романын көркемдеп  пьесса ретінде сахналық нұсқасын көрерменге ұсынып отырмыз. Қалың көпшілікке нашақорлық пен әділетсіздіктің адам өміріне тек келеңсіздік тудыратының, наша арқылы таза ұрпақтық өркендемейтінін көрсеткіміз келді. Жастар театры жастардан құралғандықтан Шыңғыс Айтыматов шығармалары олар үшін үлкен философиялық ойда құрылған туынды болды. Адам мен қасқырлар арасындағы байланысты алып жүру актерлерімізге сәл қиынға түсті. Десе де, олар бар күштерін салып қойылымды көрерменге әсерлі етіп жетізе алды деп ойлаймыз.

Айта кетейік қойылым соңында «жастар театры» алдағы уақытта өздерінің «мемлекеттік театр атануымыз мүмкін» деген жақсы жаңалықтарымен бөлісті.

Расскажи друзьям
Читай так же