ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Жас ақындар мүшәйрасына іріктеу жүруде

Просмотров - 93
06.10.2018

Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мен елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған  «Астана — жастар жүрегінде», «Астана — жиырмадағы жас қала» және «Еркін тақырыпта» жас ақындар мүшәйрасын өткізу жоспарланғандығын хабарлайды.

Мүшәйраға 16-28 жас аралығындағы барлық жас ақындар қатыса алады. Жеңімпаз ақындарға бағалы сыйлықтар қарастырылған: 1 орын–1 адам–300 000 теңге,  2 орын–2 адам–200 000 теңге,   3 орын–3 адам–100 000 теңге,  «Ең үздік 4 жас ақындар»  50 000 теңге.

Ең үздік 30 ақынның өлеңдері жинақталып кітап ретінде шығарылады және жоба соңында қорытынды марапаттау концерті өтеді.

Мүшәйраға қатысуға өтінімдер мен өлеңдерді 2018 жылдың                          25 қыркүйектен бастап 14 қазан аралығында  jasaqyn.kz сайтына тіркеліп, (jasaqyn.kz@mail.ru) және (jasaqyn.kz@gmail.com)  электрондық пошталарының біріне өлеңдерді жіберу қажет.

Осыған орай, жастар арасында  мүшәйра туралы ақпаратты кеңінен таратуға және жас ақындардың қатысуына  қолдау көрсетулеріңізді сұраймын.

Қосымша ақпаратты мына әлеуметтік желілер арқылы алуға болады: (instagram:@jasaqyn.kz) және (facebook:jasaqyn.kz), (vk.com:jasaqyn.kz), парақшаларынан алуға болады.

Ескерту: Мүшәйраға қатысушы туралы ақпаратты  ағымдағы жылдың 11 қазанына дейін m.kumasheva@atyrau.gov.kz электронды поштасына қосымша жолдауларыңыз сұралады.

Расскажи друзьям
Читай так же