ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Жас боксшылардың алғашқы додасы

Просмотров - 274
09.01.2017

Кеше облыстық мамандандырылған бокс клубында жасөспірімдер арасындағы Бокс клубының ашық біріншілігі мәресіне жетті. Сайысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен және Маңғыстау облысынан 300-ден астам жас былғары қолғап шеберлері қатысты. Жас өрендердің спорттағы алғашқы қадамдары бірі үшін сәтті, бірі үшін сәтсіз болды. Шаршы алаңның ішіндегі жеңістің тәтті дәмі мен жеңілістің ашшы дәмі де сезілді.

Мамандандырылған бокс клубтың спортшылары ерекше көзге түсіп, саны жағынан да, сапа жағынан да алдыңғы қатарда тұрды.

«Ең маңыздысы баламның дені сау болғаны. Дені сау ұрпақ еліміздің ертеңі емес пе? Өзім боксты қатты ұнатамын. Олимпиада ойндары кезінде Әділбек Ниязымбетов пен Данияр Елеусіновке отбасымызбен жанкүйер болдық. Кезіндегі Бекзат Саттархановтың ерлігі ел есінде мәңгі қалды. Ұлымыздың да сондай чемпион болғанын қалаймыз. Балам ән ұранымызды шырқатып, көк тумызды көтеріп, ел абыройын асқақтатып жатса, әкенің басқа қандай арманы болуы керек? 

Балам Мараттың боксқа қатысып жүргеніне алты ай болды. Бүгінгі сайыста алтын медаль жеңіп алды. Қуанышымызда шек жоқ. Ендігі кезде бокс үйірмесінен қалмай еңбектенеміз», — дейді Мараттың әкесі. 

Сайыстың қорытындысы бойынша, ең үздік боксшы Бітімов Бекзат болды. 52 келі салмақта жұдырықтасқан ол осымен тоқтап қалмай, атақты чемпион болуға тырысатындығын айтып өтті. Төрт күнге жалғасқан додада үздіктер анықталып, мықтылар оза шықты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар табыс етілді. 

Айта кетсек, Мамандандырылған бокс клубын ендігі Атырау боксы чемпиондарын дайындайтын үлкен шеберхана. Өйткені, қазірдің өзінде жас боксшылар Қазақстан біріншілігінде топ жарып жүр. Тек ұлдар емес, қыздар да боксты жақсы меңгерген. 

 

Расскажи друзьям
Читай так же