Какой сегодня день

20 сентября

Атырауда екі бірдей жігіт сүйіктілеріне ұсыныс жасады

Махаббат - әлемдегі құдіретті сезімдердің құдіреттісі, тәтті сезімдердің тәттісі. Тарихта осы ұлы сезімнің жолында құрбан болған қаншама жандар бар. Сүйіктісінен айырылған Мәжнүн, ғашығымен бірге болу үшін бәрінен бас тартқан Айша Бибі, Ләйліні өмір бойы жырлап, муза ғып өткен Жұматай, мөлдір махаббатың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу.

Дәл осы мөлдір сезімнің жолында құрбан болып, қосылмай өткен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббаттарын ұлықтап, 15 сәуір бірнеше жылдан бері махаббат күні ретінде тойланып жүр.

Аталмыш датаға орай, қаламыздағы Жастар ресурстық орталығы ерекше жоба жасады. Олар өзімнің өмірлік жұбымды жолықтырдым деген екі бірдей атыраулық жігіттің сүйіктілеріне тосын сый жасап, ұсыныс жасауларына көмектесті.

 14 сәуір күні сегіз қырды бір сырлы жігіт Ануар "Байзаар" ойын-сауық орталғында сүйіктісіне  өзі шығарған әнмен көпшіліктің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасаса, екінші күні Абдрасулла кинотеатрдан бейне-ролик көрсетіп, сүйіктісінің" иә" деген жауабын алды.

Бір-бірін шексіз сүйген жандардың қосылуына себепкер болудан асқан мәртебе бар ма?! Олай болса, қызықты бейнебаянды назарларыңызға ұсына отырып, ғашықтарға баянды бақыт тілейміз!


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.