Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары кім?

Қызу пікірталас пен қайнаған әдеби ойынның бір түрі дебат Атырау өңірінде жиі ұйымдастырылып келеді. Жақында ғана Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Атырау облысы әкімінің кубогы ойнатылған "Atyrau cup" Республикалық пікірсайыс турнирі өткен болатын. Аталмыш турнир соңғы төрт жылда алғаш рет өтіп, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Петропавл, Астана және Атырау қаласынан 36 фракция, 72 спикер қатысты. Республикалық турнирдің жүлделі 1-орынды "Императордың соңғы сөзі" фракциясы қанжығасына байласа, 2-орын Ақтөбеліктердің намысын қорғаған "Троя" фракциясы, ал 3-орын Алматының мықты ойыншыларына бұйырды. Сонымен қатар, "Үздік спикер" номинациясын Алматылық Әли Нұрберген жеңіп алды. Турнирде 16 төреші қазылық етіп,  "Үздік төреші" атағын Бауыржан Дүйсенбаев иеленді. Олай болса, Республикалық дебат ойындарының біздің бейнематериалымыздан тамашалаңыздар.

 


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.