Бүгін қандай күн?

10 желтоқсан

Атырауда кино өнері дамиды

Көңілді әрі пайдалы "Saraysiq Upgrade − 2017" өңірлік жастар форумының өткеніне де 1 айға жуық уақыт өтті. Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан форумның кинематография бағыты бойынша спикерлердің пікірін біліп, екі күндік форумға шолу жасадық. Олай болса, қызықты сәттерді бейнематериалдан бірге тамашалайық! 

Кинематография бағытынының бірінші күнінде спикерлер қатысушыларға сценарий жазу мен идеяны өрбітудің маңыздылығын түсіндірсе, екінші күні кинематография бағытының қатысушылары спикерлерге осыған дейін жасаған жұмыстарын көрсетіп, кәсіби мамандардың пікірлерін білді.

Оған қоса, спикерлер кинодан үзінді ретінде көрініс көрсетіп, оның түсірілімі қалай болу керек және режиссердің жұмысы неге байланысты екенін айтты.

Мастер класс барысында Санжар Мадиевтің сүйіктісінің рөлін ойнаған Перизат  өте оңай болғанын айтады.

− "Кинодан үзінді көрсетуге қыз керек" деген кезде бірден шыққым келген. Алайда, бұрын-соңды мүлдем рөл ойнап көрмендіктен тартыншақтандым. Басында Дәулет атты жігітпен ойнап едім. Дұрыс ашыла алмадым. Кейін Санжар өзі ойнады. Сол кезде образды барынша ашқанымды режиссер да, Санжар да айтты. Өмірімде осындай шеберлік сыныбынан өткеніме қуаныштымын.

Ештеңеден қорықпау керек

Санжар Мадиев − 1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстанның ең әдемі әрі талантты актер осыған дейін 20 шақты фильмге түскен.

−Актер барлық жағынан білімді болу керек. Киноға түсер алдында  өзімді толықтай дайындап, кейіпкерімді зерттеп аламын, − дейді.

Форум жоғары деңгейде өтті. Жастардың талпынысы көңілімнен шықты. Оларға "қателессеңдер де, мақсаттарыңа жету үшін талмай еңбектеніңдер" деп айтар едім. Өйткені, қазақта "еңбек − бәрін жеңбек" деген сөз бар. Сосын сәл танымалдылықты көтере алмай, жұлдыз ауруымен ауырып қалудан да сақ болған дұрыс.

Азамат Дулатов, оператор-спикер:

Қазіргі таңдағы көрерменнің көңілінен шыққан "Адель", "Тракторшының махаббаты", "Келинка Сабина", "Махаббатым жүрегімде" сияқты фильмдер мен көптеген танымал клиптерді түсірген Азамат Дулатов Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі.

− Мен бала кезден суретші болуды армандадым. Алайда, оқуға түсер кезде үлгермей қалғандықтан, кездейсоқ кино саласына бардым. Кейін қызығушылығым оянып, жұмыс жасай бастадым. Бүгінгі күнде дейін 100 пайыз көңілімнен шыққан жұмысым болған емес. Жасаған жұмыс толықтай ұнаған күні бұл саладан кететін шығармын. Өйткені, ізденіс жоғалған жерде сапа да болмайды. Кей жас операторлар түсірген дүниелерінің минусын айтсаң ақталып жатады. Меніңше, "иә, солай болды" деп жасаған істі мойынымен көтеріп, қатемен жұмыс жасау қажет деп ойлаймын. 

Жас актерларды таныту керек

"Атырауға үшінші рет келуім. Тұрғындардың қонақжайлығы мен қазақылығы қатты ұнады", − дейді танымал режиссер Асқар Бисембин.

− Форумға қатысушыларда сондай белсенді. Басында кинематографияға жаңа қадам басқан жастар келген шығар дегем. Сөйтсем, кәдімгі кәсіби деңгейдегі жастар да бар екен. Көпшілігінің жұмыстары көңілімнен шықты. Енді Атырауда кино фестивалін өткізіп, Нұртас Адамбай мен Ресейлік мамандарды шақыру керек. Жалпы, елімізде 20-26 жас аралығындағы талантты актерлар бар бірақ, аз. Ал бізге жаңа актерларды танытқан дұрыс.

Дәулет Батыров, форум қатысушысы:

− Екі күндік форумда спикерлердің берген дәрістерінен көп тәжірибе жинақтадым. Шыны керек, бұл қаламызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қызыққа толы форумды әлі талай ауызға тастамай айтып жүруге де болатын шығар. Әсіресе, кино саласындағы тәжірибелі мамандардың қатысуы форумға келген көп жастарының қызығушылығын тудыртты. Енді Атырауда кино өнері дамиды деп ойлаймын.


Система Orphus Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Жабу

Вход на сайт

You will will receive an activation link on the specified email.

You can specify your own password, or leave this field blank, and it will be generated automatically.

You can specify a separate login instead of using email for enter.

Your full name for displaying on site.