ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

«Жастар-Отанға!» жас көшбасшылар лагері қалай өтуде?

Просмотров - 99
23.05.2018

«Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Жастар таңдауы-Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ресей федерациясы, Железноводск  қаласында  «Жастар-Отанға!» атты жас көшбасшылар лагері өтуде.

Лагердің басты мақсаты:

-Мемлекет басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында құндылықтарды насихаттау және өсіру.

-Жастар арасында жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

-Жастар ортасында табысты жас қазақстандықтың айқын бейнесін кқрсету:

-Мемлекеттік жастар саясатының жетістіктерін дамыту:

-Жас көшбасшылармен интерактивті әдістемелер арқылы жұмыс жасау:

-Жастардың түрлі жобаларына әлеуметтік тұрғыдан жәрдемдесу, алға жылжыту:

-Өз әлеуетіне дамыту арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру: болып табылады.

Лагерь 2018 жылдың 20 мен 26-шы мамыр  аралығын қамтиды. Бес күн уақытқа созылатын жас көшбасшылар лагеріне 80-нен астам Атырау жастары мен мекеме басшылары және қызметкерлері қатысуда. Лагерь барысында қатысушылар төрт топқа бөлініп өзара жарысады. Барлық қатысушылар жалпы бағдарлама бойынша оқытылып, өткізілетін барлық іс-шараларға белсене араласуы қажет. Белсенділік танытқан қатысушыға лагерь соңында арнайы алғыс хаттармен марапатталады.

 

Расскажи друзьям
Читай так же