ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Жастар Польшадан нәтижелі оралды

Просмотров - 325
27.11.2018

23-25 қараша күндері Польшаның Олесница қаласында дзюдодан жастар арасында Халықаралық турнир өтті. Оған 15 елдің спортшылары қатысты.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында күрескен үш атыраулық балуан жүлделі орынға ие болып, 1 алтын 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

Серікболсын Шынтас 90 келіде алтын, Ұлықбек Әбілxайыр 55 келіде күміс және Ермек Амангелді 66 келіде қола жүлдегер атанды.

Жарыс қортындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Расскажи друзьям
Читай так же