ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Жастар ресурстық орталығының мамандары Кеңөзек ауылдық округінің жастарымен кездесті

Просмотров - 600
12.11.2018

8 қараша күні Атырау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы, Жастар ресурстық орталығының мамандары Кеңөзек ауылдық округінің жастарымен кездесті. Бұл шара бейресми, еркін форматта ұйымдастырылды.


Кездесу барысында Атырау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасының маманы А.Құрманберлиева Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттап, түсіндірді.Сонымен қатар, жастар саясаты төңірегінде ұйымдастырып жатқан ауқымды жобалармен таныстырды. Ал жастар орталығының басшысының орынбасары А.Балашева жастарды белсенді болуға шақырып, орталықтың бірнеше жыл ішінде атқарған жұмыстары жөнінде жəне орталықта болып жатқан жобалармен бөлісті.


Жастар өз кезегінде толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Сауалдар негізінен «Аула клубтары» мәселесі жəне «Сенің бастамаң» жобасының төңірегінде болды. » “Сенің бастамаң” жобасы арқылы 400 мың теңге грант иелене аласыз.Бұл жобасы кез келген жасқа өз идеяларын,тың жобаларын жүзеге асыруға толыққанды көмектеседі.Ондағы мақсат біреу, ол – әлеуметтік саланы қаржыландыра отырып, жастардың шығармашылық және инновациялық мүмкіндігін арттыру. Бұл байқауға экологиялық, спорт, қайырымдылық, әлеуметтік кәсіпкерлік, шығармашылық, жас кәсіпкерлермен жұмыс, білім, дәстүр және отбасылық құндылықтар, патриотизм бағытындағы әлеуметтік және бизнес жобалар қабылданады» -деді А.Балашева.
Кездесуді өткізудегі басты мақсат – жастарды толғандырып жүрген өзекті мәселелерді қозғап, оларды шешудің жолдарын қарастыру жəне Жастар ресурстық орталығының жұмысымен таныстыру. Сондай-ақ ойы ұшқыр, қиялы жүйрік жастарды ел дамуы үшін қандай да бір тың идеяларымен бөлісуге шақыру болып табылады.

Расскажи друзьям
Читай так же