«Жастармен жұмыс жөніндегі мамандар» облыстық мамандар форумы
27-28 қараша күндері Атырау қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастармен жұмыс жөніндегі мамандар» атауымен облыстық жастар ресурстық орталықтары қызметкерлеріне арналған өңірлік мамандар форумы өтті.
Форум мақсаты – Мемлекеттің жастар саясатын іске асыру мақсатында Жастар ресурстық орталықтары мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру.
Форум аясында 2 күн қатарынан Астана қаласынан «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығынан арнайы мамандар келіп, Жастар ресурстық орталықтары мамандарына «Жастар ресурстық орталықтарының мемлекеттік жастар саясатын асырудағы рөлі» атауымен семинар-тренингін жүргізді.
Форумға Атырау облысының әр аудандық жастар ресурстық орталықтарынан 40-қа жуық қызметкерлер және белсенді жастар қатысты.Форумда жастардың өзекті мәселелерді, оларды шешу жолдары, олардың қызығушылығын арттыруға көмектесу, өскелең ұрпаққа жағдай жасаушы мәселелері талқыланды.
Қадыров Серік Нұрбайұлы, Жастар ресурстық орталығының басшысы:
Ұйымдастырылып жатырған Форумның басты мақсаты бұл аудандар арасындағы және осы облысымыздағы жастар ресурстық орталығының мамандарының біліктілігін арттыру болып табылады. Форумға арнайы Астана қаласынан «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығынан арнайы мамандар келіп, мамандарымызға «Жастар ресурстық орталықтарының мемлекеттік жастар саясатын асырудағы рөлі» туралы семинар-тренингін жүргізуде. Осы арқылы мамандарымыз өздерінің жұмыстары туралы толық ақпараттар біліп, өз кәсіби деңгейлерін арттыратын болады.