ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының Атырау облыстық жабылу салтанаты

Просмотров - 146
23.11.2018

22 қараша күні халық шығармашылық орталығында Атырау облысы бойынша «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының Атырау облыстық жабылу салтанаты өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғатты қорғау, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 2005 жылы «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын енгізген болатын. Осы еңбек маусымында сарбаздар құрамына оқушылар, студенттер және жұмыссыз жастар жұмылдырылған. Жастар бос уақытын тиімді өткізе отырып ,өзінің отансүйгіштік қасиетімен еліне қызмет жасап, қоғамдық маңызы бар игі істерге өз көмектерін көрсете білді.

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы Атырау облысы бойынша ағымдағы жылдың 5-маусымында кезекті 14-ші маусымын бастады. Атырау облысы «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы бойынша 2154 сарбаз қызмет атқарды. Атырау қаласында 775 сарбаз қызмет атқарса, әр ауданда 200 ден аса сарбаз қызмет атқарды. Негізгі жұмыс бағыты көгалдандырумен қатар, әр аудан орталықтарында педагогикалық бағыт бойынша ағылшын тілін үйрету курстары болды.  Облыс бойынша маусым айында – 601 сарбаз, шілде айында – 947 сарбаз жұмыстарын аяқтаса, тамыз айында – 452 сарбаз өз жұмыстарын жасады. 7 аудан бойынша 48 ауылдық округте жұмыстар жүргізіліп, Атырау қаласы бойынша 13 аумақты қамтыды. Индер, Құрманғазы, Махамбет аудандарында орман шаруашылығы бойынша – 106 сарбаз, археологиялық бағыт бойынша 10 сарбаз жұмыс атқарды.

Алдыңғы маусымдардан XIV маусымның айырмашылығы Тал отырғызуға арналған күзгі маусымның болуы. Күзгі маусымда 154 белсенді жастар, және жұмыссыз жастар жұмыспен қамтылғаy.

Шара барысында  осы маусымда белсенді жұмыс жасап көзге түскен жастар арнайы алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ осы жоба барысында көптеген номинациялар ұсынылған болатын. Соның ішінде  «Үздік штаб» номинациясымен Атырау қалалық штабы, «Үздік жасақ» номинациясымен Қызылқоға аудандық жастар ресурстық орталығы,«Үздік медиа маман» Сегізбаев Бекболат Махамбет ауданы жастар ресурстық орталығы, «Үздік жұмыс беруші» Арнаулы Авто База ЖШС Республикалық дипломмен, «Үздік оқу орны» номинациясымен Құрманғазы аудандық аргарлы- техникалық колледжі,«Үздік жұмыс беруші» Атырау қаласының қазақ саңырау қоғамының оқу- өндірістік кәсіпорны, «Жыл Серпіні» Индер ауданы жастар ресурстық орталығы, «Үздік командир» номинациясымен Досанова Айзада Жылыой аудандық жастар ресурстық орталығы, «Үздік жоба» номинациясымен Мақат ауданы жастар ресурстық орталығы, «Үздік сарбаз» номинациясымен Жоланова Қамажай Исатай ауданы марапатталды.

 

 

Расскажи друзьям
Читай так же