ZhasАtyrau - молодежный портал города Атырау

Жеңісті жоғалтқан жерлестер

Просмотров - 215
27.08.2016

Кеше Мұнайшы стадионында «Атырау» және «Жетісу» командалары арасында футболдан кездесу өтті. Тартысқа толы ойынды көруге келген көрермендердің санында шек болған жоқ.

Алғашқы таймда алаң иелері өздерінің басымдылықтарын көрсетіп, ойынның 12 минутында қарсыластың қақпасына алғашқы голды салды. Жер жәнатты Жетісудан келген қарсыластар қанша тырысса да, 1 тайм 1:0 мен аяқталды.

2 таймның 52 минуты да біздің жерлестеріміз үшін сәтті болып, мықты ойыншыларымыздың бірі Трытко Жетісу командасының қақпашысы Шабановтың қақпасына екінші гол салды. Бірақ мұнайлы өлке ойыншыларының қуанышы ұзаққа созылмай, 12 минуттан кейінгі Жетісу командасының шабуылы голмен аяқталды. 72 минутта да біздің қажығамыз тағы да 1 голмен толықты. Айта кету керек, алғашқы және соңғы голды қарсыластың қақпасына Владимир Аржанов соқты.

Бір қараған адамға арқаны кеңге салуға болатын сияқты еді. Алайда, бұл ойымызбен жанкүйерлерден басқа ешкім келісе қоймасы анық. Өйткені, соңғы 10 минутта жерлестеріміз тым жайбарақат боламыз деп, жеңісті жоғалтып алды. Соңғы 10 минуттағы «жеңдік» деген сенімнің кесірінен ойын соңы 3-3 есебімен теңбе-тең аяқталды.

Айтып өту керек, бұл ойында Атырау командасының 4 түлегі ойын көрсетті. Олардың бірі 88 минутта Александр Куртеанды алмастырған, 18 жасар Наурызбек Жагоров.

Қаржаубаев Аманқос, тұрақты көрермен:

Мен көп жылдардан бері Атырау командасының жанкүйерімін. Шыны керек, бүгінгі ойынның соңына дейін жеңіске жететінімізге сенімді болдым. Бәрі жақсы болған еді. Алайда, жігіттер соңғы жақта шаршап қалды-ау деймін. Ойын болғандықтан, артық ештеңе айта алмайсың. Келесі ойында командаға сәттілік әрі жеңіс тілеймін.

Алмас Кулшинбаев, Жетісу командасының бас бапкері:

Ойын басында жігіттерімнің өздерін дұрыс көрсете алмауын ұзақ жол жүруімен байланыстырғам. Шынымды айтсам, ойын соңына дейін жеңілгенімізге сенімді болғам. Десе де, менің жігіттерім ерлеп, өздерінің нағыз азамат екендерін көрсетті.

Стайчо Младенов, Атырау командасының бас бапкері:

Басында бәрі өте жақсы еді. Алайда соңғы 10 минут біздің барлық ойынымыздың сәнін бұзып жіберді. Жігіттер ойынның өзіне де жақсы дайындалды. Бәлкім, командада мықты ойыншыларды алмастыратын ойыншылардың аздығынан шығар. Өздеріңіз көрдіңіздер, біздегі жастарға әлі де дайындық керек. 

Расскажи друзьям
Читай так же